Нұржекеұлы Бексұлтан (22.2.1941 жылы т., Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы.

Өмірбаяны Суан руынан шыққан.

ҚазМУ-ды бітірген (1965). 1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты. “Жалын” журналының бөлім меңгерушісі “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986) “Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры.

Шығармашылығы

“Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген. “Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған. “Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген. Күй толғақ, А., 1972 Күтумен өткен ғұмыр, А., 1974 В ожидании, А., 1985 Бір өкініш, бір үміт, А., 1985 Шығ. жин. 2 т., А., 1993 Бейтаныс әйелдің құпиясы, А., 2002.

Марапаттары “Құрмет” ордені (2000) бірнеше медальдармен марапатталған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:22 ақпанда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Панфилов ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Жалын журналының журналистері Санат:Жұлдыз журналының журналистері Санат:Парасат журналының бас редакторлары Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері Санат:Құрмет орденінің иегерлері