Шолохов Михаил Александрович (24 мамыр 1905, қазіргі Ростов облысы, Вешенск ауданы – 21 ақпан 1984, сонда) – орыс жазушысы, КСРО ғылым академиясының академигі (1939), екі мәрте Социалистік еңбек ері (1967, 1980).
Өмірбаяны және еңбек жолы Ауқатты шаруа отбасында дүниеге келген. Шіркеу-приход мектебінде және гимназияда оқыған. Азамат соғысы жылдары азық-түлік мекемелерінде істеді. 1922 жылы Мәскеуге келіп, әр түрлі жұмыстар атқарды. 1923 – 24 жылдары алғашқы әңгімелері мен фельетондары баспасөз бетіне жарияланып, кейіннен 1926 жылда шыққан «Дон әңгімелері» және «Мұнарлы дала» жинақтарына енді. Бұл әңгімелердің тақырыбы – Дондағы азамат соғысы, орыс деревнясындағы әлеуметтік өзгерістер, адам санасының өзгеруі, т.б. мәселелер болды. 1925 жылы ол туған жеріне қайтып оралып, қалған өмірін сонда өткізді. Сол жерде 'Шолохов «Тынық Дон» романын (1 – 2 кітаптар, 1928; 3 кітап, 1929 – 32; 4 кітап 1937 – 40.) жаза бастады. Бұл роман авторды дүние жүзіне танытты. Романда бүкіл бір революциялық дәуірдің тарихи оқиғалары кең қамтылып, орыс әдебиеті жаңа биікке көтерілді. Мұнда адам факторы мен тарих мәселесі қатар өрілген. Романдағы Г. Мелехов образы – дүние жүзі әдебиетіне үлкен жаңалық болып енді. Ол әр жағынан толық, терең және барлық қыр-сырымен ашылды. Келесі романы “Көтерілген тың” (1 кітап, 1932; 2 кітап, 1960) 1920 – 30 жылдары болған орыс деревнясы өміріндегі өзгерістерді көркем баяндап берді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Шолохов «Правда» газетінің майдандағы тілшісі болды. Ол газетте көптеген әңгімелер, очерктер жарияланды. Соғыс жылдары “Олар Отан үшін шайқасты” романының кейбір тараулары (1943 – 44) жарияланды. 1949 – 69 жылдары қалған тараулары жазылғанмен бұл роман толық аяқталмай қалды. Шолоховтың соғыс тақырыбына жазған «Адам тағдыры» әңгімесі дүние жүзі әдебиетіндегі елеулі құбылыс саналады. Онда соғыс кезіндегі жеке адамның трагедиялы тарихы баяндалады. Әңгіменің идеясы – соғыстың сұрапыл сұмдығын көрсетумен бірге жақсылыққа сендіру, ерлікті паш ету. Кеңес өкіметі жылдарында және онан кейінгі кезеңде де оның шығармашылығы жөнінде көптеген монографиялар, кітаптар шығарылды. Шолоховтың шығармалары сахнаға және киноға көп шықты әрі КСРО мен шет ел халықтарының барлық негізгі тілдеріне аударылды. Соның ішінде қазақ тілінде де жазушының көптеген шығармалары аударылып, жарық көрген: «Дон әңгімелері», «Тынық Дон», «Адам тағдыры» және тағы басқалары. Шолохов 40 жылдан аса уақыт Қазақстанмен, қазақ жазушыларымен достық қарым-қатынаста болды. Ол Мұхтар Әуезовтың шығармаларын өте жоғары бағалады, Сәбит Мұқановпен жақын дос болды. 1954 жылы Қазақстан жазушыларының 3-съезіне қатысып, қазақ халқына және қазақ әдебиетіне өзінің бауырмалдық көңілін білдірді.
Марапаттары thumb|right|60px| thumb|right|60px| КСРО Мемлекеттік сыйлық (1941) Лениндік сыйлық (1960) 1965 жылы Нобель сыйлығы берілген Көптеген орден-медальдармен марапатталды.
Тағы қараңыз Сергей Донатович Довлатов
Шығармашылығы «Дон әңгімелері» (1926) «Мұнарлы дала» (1926) Собрание сочинений, том 1 – 8, М., 1965 – 69; Тынық Дон, 1 – 4 кітаптар, А., 1956; Көтерілген тың, 1-2 том (1932, 1960) Отан үшін от кешкендер, А., 1975. Адам тағдыры.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX томКаратаев М., В семья единой, А.-А., 1976Бирлюков Ф.Г., Художественные открытие М.Шолохова, М., 1980
Дереккөздер
Санат:24 мамырда туғандар Санат:1905 жылы туғандар Санат:Шолохов ауданында туғандар Санат:21 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Шолохов ауданында қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері Санат:КСРО Нобель лауреаттары Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Екі мәрте социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Мәскеуді қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:Сталинградты қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:КСРО полковниктері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері