Тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім.
Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. Тасаттыққа жиналған қауым діни рәсімдерді атқарумен қатар жиынның соңын мереке сауыққа айналдырады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 Осындай шамандық мифологияда көктен жаңбыр тілеп жаудыратын сакралды салттар түркі халықтарында, оның ішінде қазақ халқында әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Тасаттық сөзі араб тілінде құрбандық деген мағынаны білдіреді.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 364-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014. ISBN 978-601-7299-18-7
Тіршіліктің негізгі өзегі Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы үшін табиғат тіршіліктің негізгі өзегі болды. Жауын-шашынның мол немесе аз болуы малдың күйіне, жайылымның шөбіне, егіннің шығымына ғана емес, тұтас қауымның күнкөрісіне тікелей ықпал етті. Сондықтан қуаңшылық жылдары табиғаттың тосын мінезін сыртқы күшке теліп, соған табыну емес, керісінше, Жаратқан Иеден медет сұрау, тәубеге келу және қоғам болып ниет түзеу басты ұстанымға айналды. Осындай жағдайда ел-жұрт бірігіп, жаңбыр тілеу мақсатында тасаттық жасаған.
Тасаттықтың түпкі мәні Аллаға жалбарыну, садақа беру арқылы рухани тазару және қиындықты бірлесе еңсеруге деген сенімді бекіту еді.
Тасаттық ғұрпы туралы аңыз-әңгімелер Қазақ арасында тасаттық дәстүрінің бастауын түсіндіретін аңыз-әңгімелер де кең тараған. Солардың бірі Нұх пайғамбардың ұлы Жаппасқа қатысты мифологиялық сюжетпен байланыстырылады. Аңыз бойынша, Жаппас сапар барысында дұға жазылған қасиетті тастың көмегімен жауын жаудырып, табиғи апаттың алдын алған. Кейін бұл тас халық жадында «жады тасы» деген атаумен сақталып, қуаңшылық жылдары адамдар сол орынға барып, жаңбыр тілеу үшін дұға жасаған деген сенім қалыптасқан.
Дереккөздер
Санат:Ислам