Тұрбат — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Тұрбат ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде, Қаржантау жотасының батыс беткейінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен34194196 4293 102,3 2075 2129 102,6 2121 2164 102
Тарихы 1928-1930 жылы Қаратас ауданының орталығы болған. 1930 жылдан Әлішер Науаи атындағы қой ұжымшарының орталығы болып келді. Тауарлы сүт, жібек пілләсі шаруашылығы дамыды. Оның негізінде Тұрбатта және округтегі Еңбек, Қызылдихан, Өндіріс ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. Тұрбат өңірі – Ұлы Жібек жолының төсінде жатқан көне қалалар орны шоғырланған, тарихи маңызы бар мекен.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Дереккөздер
Санат:Қазығұрт ауданы елді мекендері