Қарсы құда– туыстық атау. Егер екі әулет өзара келісіп бір жағы қыз беріп, екінші жақтан келін түсірсе , онда олар бір-біріне қарсы құда болады. Мұндай жағдайда қалыңмал төленбей, құдалар той-думанмен шектелген. Кейде өзара сыйластығы берік отбасылар да қарсы құда болып отырған. Қарсы құда болу ертеде көбіне тұрмысы төмен отбасылар арасында жиірек кездескен.Қазақ энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер Келін түсіру Қалыңмал
Дереккөздер:
OS7
Санат:Қазақ салт-дәстүрлері