Жаңатілек — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Жаңатілек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде, Желтау тауының солтүстік-батыс етегінде, Ащысу өзенінің оң жағалауындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15531197 941 78,6 581 485 83,5 616 456 74 Тарихы Іргесі 1959 жылы тың жерді игеруге байланысты қаланды. 1996 жылға дейін “Октябрьдің 40 жылдығы” атындағы қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Бахыт Хайдаров атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жаңатілек ауылдық мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, мешіт, байланыс бөлімі, Beeline, Kcell, Activ, Tele2, Altel байланыстары құрылған, фельдшерлік-акушерлік пункт, жоғары жылдамдықтағы интернет желісі, тойхана, мал сою алаңы, 7 азық түлік дүкені, 2 футбол алаңы, балалар ойын алаңы бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы елді мекендері