Науалы — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Науалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үржар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Қусақ өзенінің сол жағасында орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3695 3421 2568 75,1 1685 1296 76,9 1736 1272 73,3
Тарихы Іргесі шамамен 1912 жылы қаланған. 1930 жылы Науалыда “Жаңатұрмыс” ұжымшары ұйымдастырылды. 1946-96 жылдары 5 бөлімшеден тұратын Ленин атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Науалыда және округтегі Малақ ауылында ЖШС-тер жұмыс істейді. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Астана – Үржар – Шәуешек (Қытай) автомобиль магистралі өтеді.Қазақ энциклопедиясы, 7 томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы елді мекендері