Алакөз сүңгуір () — қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын су құсы.
Қазақстанда Сырдария, Шу, Іле, Торғай өзендерінің төменгі сағасын және Алакөл, Зайсан, Қорғалжын көлдерін мекендейді. Қанатының ұзындығы 17-19 см, салмағы 480-600 г келеді. Мекиені біркелкі қоңыр, ал қоразының басы, мойыны, кеудесі күрең қоңыр-сарғыш, бауыры ақ, арқасы қара қоңыр болады. Басқа сүңгуір құстардан ерекшелігі судан жеңіл көтеріліп, жылдам ұшады. Ұясын судың терең жерінде өскен қамыс пен құраққа салады. Мекиені 7-11 жұмыртқаны 25-28 күн басады. Шілдеде балапандары ұядан ұшады. Негізгі қорегі — су өсімдіктері мен су жәндіктері. Алакөз сүңгуір — жыл құсы. Қыркүйек — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Қара, Каспий теңіздерінің жағалауларында және Африканың солтүстік-шығысында, аз бөлігі Алматы қаласы маңындағы Сорбұлақ көлінде қыстайды. Наурыз — сәуірде жазғы мекендеріне қайта оралады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- томОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 1960 — 1980 жылдары Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде саны көп болған. Санының күрт азайып кетуіне байланысты Алакөз сүңгуір қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
right|thumb|290px|Ақкөз сүңгуір
Статусы 3-ші санат. Саны күрт қысқарып келе жатқан сирек түр.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Қазақстанда кездесетін туыстың төрт түрінің бірі.
Таралуы Солтүстік Африка, Еуразия – Пиреней түбегінен Батыс Сібірге дейін және Хуанхэ өзенінің жоғарғы сағасы. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқырында, Алакөл көлдерінде, Іле, Шу, Сырдария өзендерінің аңғарларында, республикамыздың орталық және солтүстік аудандарында – Қорғалжында, Торғайдың төменгі сағасында, Сілеті өзенінің бастауында ұялайды [1,2]. Аздаған құстар Іле өзенінің су алаптарында, Алматы қаласының маңындағы Сорбұлақ көлінде және Каспий теңізінде қыстайды.
Мекендейтін жерлері Қалың қамыс өскен және су өсімдіктеріне бай терең көлдер. Саны Соңғы онжылдықтарда жалпы саны 7-10 мың деп бағаланады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суқоймаларында 60-шы жылдары бұл сүңгуір кәдімгідей-ақ болған, тіпті кей жерлерде көптеп кездескенСтепанян, 1975. 80-ші жылдары Зайсан көлінде, Іле, Шу және Сырдария өзендерінің аңғарларында сирек кездескен, десе де миграция кезінде бұл жерлерде әлі де болса біршама көп кездестіруге болады. Негізгі әсер ететін факторлар Зерттелмеген. Олардың ең маңыздысы – көптеген суқоймаларында гидрологиялық режимнің өзгеруі, қорек қорының азаюы: қамыстарды жою және қарқынды шаруашылық жұмыстар, ұялары мен балапандарын өлім-жітімге ұшырататын жыртқыштардың – саз құладындары, қарғалардың – шектен тыс көбеюі. Биологиялық ерекшеліктері Жыл құсы. Көктемде наурыз-сәуірде ұшып келеді; ұялауға бір-бір жарым айдан соң кіріседі. Жеке жұп болып, сирек аздаған шоғыр құрып қопаларда және қамыс құламаларына, жиі қызылбас сүңгуірмен бірге, ұялайды. Ондатр үйшіктерінің ішінде ұялағаны да белгілі. Ұяда 7-11, сирек 12-15 жұмыртқа болады, оларды мекиені 25-28 күн шайқайдыДолгушин, 1960. Ұяда 7-9 балапан болады, әдетте 2-5-і тірі қалады. Ұясы сәуірдің аяғынан маусымның басына дейін кездеседі. Жастары тамыздың басында қанатына қонады. Күздік миграция – қыркүйек-қазанда болады. Негізгі қорегі – су өсімдіктерінің вегетативтік бөлімі және олардың тұқымдары, сирек – су омыртқасыздары. Қолда өсіру Қазақстанның хайуанаттар парктерінде өсірілмейді. Қабылданған қорғау шаралары Қазақстанда ауланатын үйректер түрлерінің тізімінен шығарылған. Қорғалжын, Наурызым және Алакөл қорықтарында қорғалады.
Қажетті қорғау шаралары Қара Ертіс, Іле өзендерінің атыраптарында қорықтар құру және Торғай қорықшасын мемлекеттік қорыққа айналдыру. Зерттеу жөніндегі ұсыныстар. Қазақстан суқоймаларында түрдің қазіргі орналасуы мен санын зерттеу, шектеуші факторларды анықтау.
Сипаты
Алакөз сүңгуір – дене мөлшері өзен үйректің – шүрегейдіп мөлшерінен сәл үлкенрек (500-650 г) сүңгуір туысының кішкене өкілі. Жонының біркелкі қошқыл қызыл-қоңыр реңі, бауыры мен құйрық астының ақ түсі, қанатындағы түсті “көзтартар” бірден көзге түседі. Көздің нұрлы қабаты ақ немесе ашық сұр болғандықтын, бұл түр алакөз деп аталған. Аналығы осыған ұқсастау, бірақ бозғылт болып келеді. Жерорта теңізінен Тибетке, сондай-ақ Солтүстік Африкада таралған. Қазақстанда аумақтың оңтүстік жартысында және шығысында орналасқан. Су кеңістігі ашық қамысты терең көлді ұнатады.
Жеке жұп немесе шағын топ түзіп, кейде қызылтұмсық сүңгуірлерімен бірге ұялайды. Салындыдағы 6-15 (көбінесе – 7-11) сарғыштау жасыл жұмырьқаларды аналығы 4 аптаға жуық уақыт басады. Дегенмен басқа көптеген үйректерден ерекше аталығы ұядан ұзап кетпей, балапандардың жұмыртқа жарып шығуына қатысып қамқорлық жасайды. Ұялау орындарында наурыз-сәуір айларында пайда болады, ал қыркүйек-қазанда ұшып кетеді.
Бұдан 40 жыл бұрын бұл сүңгуір әдеттегідей, тіпті жер-жерлерде көп болады, алайда XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап оның саны үздіксіз кеміп барады. Қаізір ол Қазақстанның Қызыл кітабына енді.Қазақтан табиғаты
Дереккөздер
Санат:Сүңгуір үйректер Санат:Қазтәрізділер