ШОҚЫ – аласа таулы өлке бедерінің пішіндері. Жазық жерлердегі дөң, оқшауланған биік төбелер де кейде шоқы аталады. Байкал сырты мен Қиыр Шығыста төбесі жұмыр таулар, Қырымдағы, Кавказдағы, Камчатка және Курил аралдарындағы биік жанартаулар конусы шоқылар қатарына жатады. Мысалы, Ключи шоқысы, Авача шоқысы. Қазақстанда – конус пішінді, қатты тау жыныстарынан тұратын төбенің аты. Әсіресе Сарыарқада (Қазақтың ұсақ шоқылығы) кеңінен таралған (Ақшоқы, Қарашоқы, Қушоқы т.б.). Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Шоқы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.