Ақпа жұлдыздар, метеорлар — ғарыштық денелер бөлшектерінен (метеор денелер) аспанда байқалатын жарық құбылысы. Ақпа жұлдыздар өте үлкен жылдамдықпен (13-70 км/с) атмосфераға еніп, Жерге жетпей шашырап кетеді. Жарығы мен түсі оның метеорлық бөлшектерінің көлемі мен массасына, сондай-ақ Ақпа жұлдыздардың Жерге қатысты салыстырмалы жылдамдығына байланысты болады. Ақпа жұлдыздар Жер бетінен 50-130 км биіктікте байқалады және оның жарқылы 3-5 секундта өтеді. Жылына 75 млн Ақпа жұлдыздар байқалады. Химиялық және спектрлік талдау нәтижесінде Ақпа жұлдыздар метеориттерінен ғылымға белгілі химиялық элементтердің барлығы дерлік табылған.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология