Ұзын ата — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Ұзыната ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 45 км-дей жерде, Қызылқұм каналының бойында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен35284243 5086 119,9 2189 2683 122,6 2054 2403 117
Тарихы Іргесін 1955 жылы қалаған. 1969–1996 жылдар аралығында Комсомол күріш кеңшарының орталығы болып, "Комсомольское" ауылы аталып келді. Кеңшар негізінде «Жайсаң», «Комсомол» мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары, т.б. күріш, мақта, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мешіт, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. Ауылдан 8 км жерде орта ғасыр ескерткіштерінің бірі – Ұзын ата мазары бар.
Дереккөздер
Санат:Шардара ауданы елді мекендері