нобай|оңға|310px|Ауызашардағы ер мұсылмандар, Ирак нобай|оңға|Ауызашардан кейін құрма жеу — сүннет Ораза (, «ураза» – күндік; «ас-саум» – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) — тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған мұсылман таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандар оразаны рамазан айында ұстайды.

Шығу тегі Ауыз бекіту түсінігі, басқа түрде болса да, исламнан басқа дінде де, соның ішінде христиандық, конфуцишілдік, индуизм, иудаизм, даосизмде кездеседі. Құрандағы ақпаратқа сай, Алла былай деді:

Құранда айтылуы Ораза ұстау Құранда айтылған. әл-Бақара сүресінің 2:184 жолында Алла сапардағы, не сырқаған мұсылманның ауызды кейін ғана бекітуге рұқсатын берді. 185 жолда Құранның адамзатқа Рамазан айында берілгені хабарланады.

Ораза таң атқаннан күн батқанға дейін жалғасады. Құрандағы ақпарат бойынша Алла былай деді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар» (Бақара сүресі, 187-аят). Бұл күн мен түннің арасындағы шекараны сипаттайды деген түсінік көп таралған.

Парыздығы

Ораза — Исламның бес парызының біреуі. Бұған, мұсылмандардың түсінігінше, Құран мен сүннет дәлел. Құрандағы ақпаратқа сай, Алла былай деді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/185). Мұхаммед пайғамбар былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Алладан басқа Құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Алланың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылықка бару» (Бухари, Имам, 34).

Шарттары Ораза ұстағаннан бұрын ниет таңдау — міндет.

Жалпы шарттары Ауыз бекіткеннен бастап ауыз ашқанға дейін мұсылманның былай күндері рұқсат берілген бірнеше әрекетті істеуіне тыйым салынады, олардың қатарына ішу, жеу, жыныстық қатынасқа түсу жатады.Құран, әл-Бақара сүресі, 2:187 Бұл тыйымдар мұсылманға әдетте салынатын ереже үстінен жүреді.

Егер адам науқас болса, екіқабат болса, етеккірі келсе, бала емізіп жүрсе немесе саяхаттап жүрсе, оразадан босатылады. Бұзылған немесе өткізіп алынған ораза күндері мүмкіндік пайда болғанда, келесі Рамазан айына дейін өтеледі.

Ораза мына бес шартқа келетін адамға міндетті саналады: Мұсылман болса; Өз-өзіне жауап бере алатын (яғни кәмелет жасынан асқан) болса; Ораза тұта алатын жағдайда болса; Тұрақты бір жерде болса (яғни саяхаттап жүрмеген болса); Науқас, жарақаттан қатты ауыру, бала емізу немесе екіқабат болу сияқты оразаны қиындататын кедергілерсіз болса.

Тағы қараңыз Оразаның түрлері Оразаның уақыты мен Рамазан айының анықталу жолы Рамазан айының анықталуы Оразаны бұзбайтын жағдайлар Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы Кәффарат түрлері

Дереккөздер

Санат:Бес парыз * Санат:Ислам терминдері Санат:Рамазан