Бұлақты — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Бескөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласының шығысында 9 км-дей жерде. Алакөл көлінің батысында, қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағы шалғынды-сазды және құмдауытты.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен35103740 3375 90,2 1878 1655 88,1 1862 1720 92,4

Тарихы Ауыл 1993 жылға дейін Обуховка деп аталған. Елді мекенде балық аулаумен айналысатын бірнеше шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа ауылдармен автомобиль және темір жол арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том.

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы елді мекендері