Ақжар — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Тарбағатай ауданының және Ақжар ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Өскемен қаласының оңтүстік-батысында 410 км, Зайсан қазаншұңқырының батыс беткейінде, Қандысу өзенінің бойында орналасқан. Жақын теміржол станциясы – Жаңғызтөбе (302 км).

Тарихы Ақжардың іргесі 1922 жылы қаланған. 1928-97 жылдары Тарбағатай ауданының, “Ақжар” қой кеңшарының орталығы болды.

Инфрақұрылымы Орта мектептер, ауруханалар, санитарлық-эпидемиялық станция, дәріханалар, спорт мектебі т.б. мекемелер бар. Тұрғындары облыс орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен81826396 5818 91 3189 2955 92,7 3207 2863 89,3

Дереккөздер

Санат:Тарбағатай ауданы елді мекендері