Ақырап — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, Ақырап ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қобда ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, Үлкен Қобда өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы - Мәртөк.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1926 адам (948 ер адам және 978 әйел адам) болса, 2009 жылы 901 адамды (469 ер адам және 432 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 607 адамды (321 ер адам және 286 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Инфрақұрылымы Ауылда астық қабылдау пункті, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, санитарлық-эпидемиялық станса, орта және музыка мектебі бар. Тұрғындар жақын елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы елді мекендері