Алмалыбақ — Алматы облысы Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласының шығысында 5 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстігіндегі тау алды қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен24764111 4649 113,1 1957 2205 112,7 2154 2444 113,5

Алмалыбақта Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, орта мектеп, аурухана, клуб т.б. мәдени мекемелер бар. Мемлекеттік маңызы бар Алматы-Шымкент автомобиль жолы өтеді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері