Бірлестік — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл (бұрын кент), Сейфуллин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Зеренді ауылынан солтүстікке қарай 68 км-дей жерде, Көкшетау қыратының солтүстік бөктерінде, селеу аралас әр түрлі шөп өскен қара топырақты дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен898648 523 80,7 335 276 82,4 313 247 78,9

Тарихы Іргесі 1930 жылы “Бірлестік” ұжымшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1978 жылы жанынан уран кен орны ашылып, соның негізінде кентке айналды. Бірлестікте геологиялық барлау экспедициясы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталықтармен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Зеренді ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері