Жалалабат облысы () — Қырғызстанның оңтүстік-батысында орналасқан облыс. Орталығы — Жалалабат қаласы.

Халық саны — 1 миллионға жуық адам. Ош және Баткен облыстарымен бірге Оңтүстік Қырғызстан деп аталады — бұл басқа өлкелермен салыстырғанда таулы-тасты жер, ауыл шаруашылығы кең таралса, өнеркәсіп нашар дамыған. Ош, Талас, Шу, Нарын облыстарымен және Өзбекстанмен шектеседі.

Халқының көпшілігі — қырғыздар, одан кейін халық саны бойынша өзбектер көп, орыстар мен орыс тілінде сөйлейтіндердің саны басқа облыстарға қарағанда азырақ. 1999 жылғы деректер бойынша, қырғыздар халықтың 69,9 %-ын құрап — 606 мың адам, өзбектер 24,4 % — 212 мың адам, орыстар 2,1 % — 18 мың адам, татарлар 0,8 % — 7 мың адам болды. Басқа ұлт өкілдері — 25 мың адам, негізгі бөлігі — тәжіктер, түріктер және күрттер. Қырғызстандағы қазақтардың 2,5%-ы Жалалабат облысында тұрады.

Әкімшілік бөлінісі Жалалабат облысы 8 ауданға бөлінеді: Ақсы ауданы (орталығы — Кербен) Алабұқа ауданы (орталығы — Алабұқа) Базарқорған ауданы (орталығы — Базарқорған) Наукен ауданы (орталығы — Масы) Созақ ауданы (орталығы — Созақ) Тоғызтарау ауданы (орталығы — Қазарман) Тоқтағұл ауданы (орталығы — Тоқтағұл) Шатқал ауданы (орталығы — Қанышқия)

Санат:Жалалабат облысы