thumb|Радикалды феминизм thumb|Әйелдер қозғалысы
Феминизм ( - әйел) — саяси, экономикалық, әлеуметтік және әйелдердің жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар идеологиялар. Сонымен қатар феминизмды саяси, әлеуметтік және сексизмге қарсы қозғалыстар деп атауға болады. Феминизмнің басты идеясы — қоғамның бүкіл саласында әйелдерге еркектермен тең құқықтар мен мүмкіншіліктерді орнату.
Феминистік қозғалыстар өткен және қазіргі кезеңдердың күресі, әйелдердің саяси құқығы үшін күрес. Мысалы: мектеп және жоғары білім алу, сайлауларға қатысу, мемлекеттік лауазымға ие болу құқықтары, жұмыс істеу және еркектермен тең жалақы алу құқықтары, жеке меншік және дүние-мүлікке ие болу құқықтары, мәмілелерге қатысу құқықтары, түрмысқа өз еркімен шығу немесе шықпау және неке бұзу құқықтар, ана болу немесе болмау (чайлфри), аборт жасату құқықтар, декреттік демалыс құқықтар, дене дербестігі және тұтастық құқығы (әйелдер мен қыздарды зорлау, жыныстық қысым көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау).
Феминистік қозғалыстар әйелдер құқығы саласындағы, әсіресе Батыс елдеріндегі маңызды әлеуметтік өзгерістердің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып саналады. Бірақ қәзіргі кезге дейін Батыс елдерінде де феминизм толық жүзеге асты деп айтуга болмайды (мысалы, Католик шіркеуінің билігінен шығалмай отырған Польшада әйелдерге аборт жасатуға тыйым салынған).
Қозғалыс ретінде феминизм XVIII ғасырда пайда болды. XIX ғасырда суфражизм қозғалысынан басталып, XX ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған феминизм әйелдердың сайлауға қатысу және жеке меншікпен дүние-мүлікке ие болу құқықтарға күрескен. Бізге танымалы феминизм еркектердың және әйелдердың арасындағы саяси теңдікті орнатуды көздейді.
«The Feminine Mystique» (1963 ж.) американдық жазушы Бетти Фриданнын және «Le deuxième sexe» (1949 ж.) франциялық философ Симона де Бовуардын (Франция) шығармалары феминистік қозғалыстарға ең көп әсер еткендердың бірі болып танылады.
Феминизмнің бастапқы үш толқыны
Феминист әйелдері және ғалымдар әйел қозғалысы тарихта бастапқы үш «толқынға» бөледі. «Бірінші толқын» XIX және XX ғасырдың бірінші жартысында дамыған суфражист қозғалысына жатады. Суфражист қозғалысының басты идеясы әйелдерге дауыс беру болып саналады. «Екінші толқынға» әйелдердің бостандығына арналған идеялар мен іс-әрекеттер жатады. 1960 жылы басталған әйелдердің бостандығы үшін қозғалыс әйелдер мен еркектердің заңды және әлеуметтік теңдігін жақтаған. «Үшінші толқын» екінші толқынның жалғасы және екінші толқынның сәтсіздігіне пайда болған саяси кертартпалық болып саналады. Үшінші толқынның басталуы 1990-жылдар болып есептеледі .
Феминизмнің үшінші толқынынына тән ерекшеліктер болып квир-теория, нәсілшілдікке қарсы іс-әрекеттер, интернационализм және әйелдің сексуалдығы жайындағы стиматизациясына қарсылық табылады. Сонымен қатар, егер екінші толқында порнография әйелдердің қанауы деп қарастырылса, үшінші толқында порнографияны нейтралды көзқараспен қарастырады. Бүгінгі таңда Ребекка Уокер, Лили Тейлор, Наоми Вульф феминизм қозғалысының ең көрнекті өкілдері болып табылады.
Феминизм ұғымының пайда болуы
Әйелдер мен еркектердің құқық теңдігі жайлы ең алғаш айтылған мәтіндер буддизм қағидасының бөлігі, Тхеригатхада, діни тұрғыда табылады. Европадағы феминизм XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басы арасында дамыған. Сол кезде әйелдің қоғамдағы қаналған орны жайында пікір көпшілікке тарай бастады. Сол уақыттың белсенді қайраткерлерінің бірі София де Кондорсе болып табылады.
АҚШ Тәуелсіздік шайқас (1775-1783) кезеңінде әйелдер өздерінің құқықтарын алғаш рет талап етті. Америка халқының бірінші феминист әйелі Абигейл Смит Адам (1744-1818) болып табылады. Ол тарихқа өзінің танымал сөздерімен кірді: «Біз мақұлдауына қатыспаған заңға және біздің мүддемізді өкілдік қылмайтын өкіметке бағынуға міндетті емеспіз» (1776).
Францияда 1789 жылы өткен Ұлы Франция көтерілісіне қарай әйелдердің теңдігі үшін күреске арналған алғаш журнал шықты. Содан соң саяси күреске қатысушы әйелдердің алғашқы клубтары пайда болды. Алайда 1791 жылғы Француз Конституциясы әйелдерге дауыс беру құқығын беруден бас тартты. Сол жылы Олимпия Гук 1789 жылғы Адам құқықтары Мағлумдамасын үлгі қылып, Ұлттық жиналыста әйелдің құқықтары мағлұмдамасын ұсынды. Ол мағлұмдамада әйелдердің әлеуметтік және саяси теңдігін толығымен мойындауын талап етті.
Сол жылы әйелдердің «Республикалық көтеріліс әйелдерінің қоғамы» атты алғашқы саяси ұйымы пайда болса, 1793 жылы Конвент ол ұйымға тыйым салып, артынан мағлұмдама авторы Олимпия де Гук өлім жазасына кесілді. Оливияның айтып кеткен сөздері: «Егер әйел эшафотка көтерілуге лайықты болса, онда ол парламентке де кіруге лайықты». Нәтижесінде, 1795 жылы Францияда әйелдерге қоғамдық орындарда және саяси жиналыстарда көрінуге тыйым салынады. 1804 жылы Наполеон императоры әйелдің бүткіл құқығы жойылғаны жайлы және әйелдің еркектің бақылауында деген жарлықты жариялады.
Англия елінде әйелдердің теңдігі жайлы Мэри Уолстонкрафт (1759-1797) «Әйел құқығының қорғауы» (1792) атты кітабында талап етті. Осы кітап XIX ғасырға дейін пайда болған алғаш феминистік жұмыстарының бірі болып саналады.
Феминизмнің «бірінші толқыны»
Әйелдердің біріккен қозғалысының бастауы 1848 жылы болып саналады. Сол жылы Сенека-Фоллз қаласында (Нью-Йорк штаты, АҚШ) әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған «Әйелдер мен еркектер тең болып жаралған» атты құрылтайы өтті. Құрылтайда «Сезім мағлұмдамасы» қабылданды. Мағлұмдаманың көтерген басты сұрақтары әйелдердің мүлікке, некеге, мамандықты таңдауға, толық білім алуға еркермен тең құқықтарымен байланысты болды. Мағлұмдаманың авторлары Элизабет Кэйди Стэнтон және Лукреция Мотт болды. Феминизмге қарсы болған Джон Стюарт Милль, ағылшынның либералды философы, 1869 жылы өзінің «Әйелдің бағынуы» атты жұмысында «бір жыныстың екінші жынысты заңнамалық түрде қолдауы зиян, және жалпы адамзаттың дамуына кедергі жасайды» деп айтып кеткен.
Әйел қозғалысының басты және маңызды сұрақтарының бірі әйелдің мүлікті иеленуге қатысты болды. Солай, 1860 жылы Элизабет Стэнтонның үндеуінің нәтижесінде, Нью-Йорк штатының Заңнамалық жиналысы күйеуге шыққан әйелдердің мүлігі жайында актін қабылдады. Бұл акт әйелдің өзі тапқан мүлігін еркекпен бірдей жағдайларда өзінде қалдыруға кепіл берді. Одан басқа, акт әйелдің еркекпен бірдей бала-шағасына қамқорлық қылуын, және жесір әйелдің құқықтарын да қарастырды .
XIX ғасырдың екінші бөлігінің басты кейіпкерлерінің бірі Эммерин Панкхерист (Emmeline Pankhurst) болды. Ол әйелдің дауыс беру құқығын алуға арналған қозғалыстың, басқа сөзбен айтқанда суфражизмнің (ағыл. suffrage – «дауыс беру құқығы ) негізін қалаушылардың бірі болды. Эммериннің басты мақсаттарының бірі Британия қоғамында дамыған, әйелдерге қарсы сексизмді жою болды. Сөйтіп, ол 1903 жылы әйелдердің әлеуметтік және саяси құқығын қорғауға арналған (Women’s Social and Political Union, WSPU) ұйымын қалады. Бес жылдың ішінде ұйым мүшесінің саны 5 мыңға жетті. Алайда бұл ұйымның мүшелері қайта-қайта тұтқынға алынып, кейбір мүшелері қамауға берілген соң ұйым мүшелерінің көбісі үкіметтің сондай әрекеттеріне қарсылып білдіріп, аштық жариялады. Аштықтың нәтижесінде, аштық қатысушылары өздерінің денсаулығына зиян келтіріп, заң шығарушы жүйесін қайырымсыз көрсетіп, көпшіліктің назарын феминизм идеяларына аудара білді.Осылайша, Англия парламенті әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсартуға арналған бірнеше заң қабылдады, соның ішінде әйелдерге дауыс беру құқығы берілді (1894).
Сол секілді, АҚШ-та 1869 жылы ұқсас екі ұйым пайда болып, 1890 жылы бірігіп, әйелдерге дауыс беру мақсатымен Ұлттық Америка ассоциациясын құрады. Осы ассоциация мүшелерінің белсенділігі арқасында Америка штаттарының әйелдеріне дауыс беру құқығы берілді. 1920-жылдардың басында Вашингтон қаласында Анти-флирт атты клуб қызмет жасады және осы клубтың мақсаты әйелдерді еркектердің жағымсыз ниетінен қорғау болды.
Ресейде «әйел мәселесінің» көтерілуі Крым шайқасының жеңілу кезеңіне жатқызады. 1857 жылы Н.И. Пирогованың «Өмір сұрақтары» атты мақаласы шығып, әйелдерді жаңадан тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Сол мақаладан кейін біраз пікірталастар пайда болып, ресімделген әйел қозғалысы туындайды. Сол уақытта Д.И. Писаревтың әйгілі сөздері шығады: «Әйелдің ешқандай күнәсі жоқ». Писарев, әсіресе, «еркектің әйелді езуін және жала жабуын» белгілеп кеткен. Писаревтің ойы бойынша «еркек әйелді әрдайым кемітіп, ақыл-ойы жетілмеген, адамгершілігі жоқ және қылмысты құштарлықтарға бейім деп қарастырған» . Алайда Октябрь көтерілісіне дейін әйелдердің қоғамдағы жағдайы өзгере қойған жоқ. Ресейдегі әйелдер қозғалысының белсенді қайраткерлерінің бірі Александра Калмакова болған.
Феминизмнің «екінші толқыны»
Феминизмнің «Екінші толқыны» 1960-жылдардың басы мен 1980-жылдардың соңына дейін жалғасты. Феминизмнің «екінші толқыны» қазір де жалғасын тауып жатыр деп есептеледі және оны кейде «үшінші толқын» деп атайды. Зерттеуші Эстелла Фридман бірінші және екінші «толқындарды» салыстыра отырып, бірнеше қорытындылар жасады. Фридманның тұжырымы бойынша «бірінші толқынның» шоғырлауы әйелдердің дауыс беруі болған, ал «екінші толқынның» шоғырлауы әйелдердің кемсітушілігіне қарсы болған . Феминизмнің белсенді әйелдерінің бірі, публицист Кэрол Хаништің «Жеке өмір - саясат» (The Personal is Political) атты ұраны «екінші толқынмен» байланысатын болды . «Екінші толқынның» феминист әйелдері мәдени және саяси теңсіздіктің түрлері бір-бірімен байланысты екенін жақсы түсінген. Сөйтіп, олар басқа әйелдерді жеке өмірлерінің саясаттанып кеткенін және үкіметтің әйелдердің құқықтарын қорғамайтынын ұғынуға шақырды.
АҚШ-тағы «Әйелдердің босатылуы»
«Әйелдердің босатылуы» (Women’s Liberation) ұғымы Америка Құралма Штаттарында 1964 жылдан бастап қолданылса, 1966 жылы баспада пайда болды. 1968 жылдан бастап ұғым тікелей әйелдердің қозғалысында қолданыла бастады .
«Әйелге тән құпиялық»
Бетти Фридан өзінің «Әйелге тән құпиялық» (The Feminine Mystique, 1963) атты кітабында әйелдің өмірінің мәні тек үй шаруашылығы мен бала тәрбиелеуде деп қалыптасқан ойға қарсы болып, сынға ұшырады .
Фриданның ойы бойынша әйелдің қоғамдағы үй иесі және бала тәрбиешісі рөлі «әйелге тән құпиялық» деген ұғым арқылы танылған. Жалған ғылыми теориялар, әйел журналдары және жарнама индустриясы «нағыз әйелге» білімнің, мансаптың және саяси құқықтардың керегі жоқ екенін үйреткен. Бір сөзбен айтқанда, түрлі ақпарат құралдары және қоғамда қалыптасқан пікірлер арқылы әйелге кішкентайынан болашақ күйеуіне және бала-шағасына қызмет ету идеясы сіңіп, феминизмнің күресіп келе жатқан тәуелсіздік пен мүмкіншіліктерге қатысты ойларын жоққа шығарады .
Феминизмнің түрлері
Негізінен, «феминизм» ұғымы тек бір ғана идеологияны өзімен бірге алып жүрмейді. Феминизм қозғалысының ішінде көптеген ағымдар мен топтар бар. Феминизмнің солай бөлшектенуі түрлі тарихи жағдайларға, халықтардың ерекшеліктеріне және тағы басқа түрлі факторларға байланысты. Феминизмнің көп ағымдары бір-біріне ұқсас және феминизмнің ерушілері бірнеше ағымдардың мүшесі бола алады.
Социалистік және марксистік феминизм
Социалистік феминизм қанау және еңбек жайлы марксистік идеяларын қолдайтын, қаналған әйелдерді біріктірді. Социалистік феминизмнің басты мәселесі әйелдің жұмыс орны мен үй тұрмысындағы теңсіздікпен байланысты . Социалистік феминизмнің жақтаушылары жезөкшелікті, үйе шаруасымен айналысуды және неке құруды ақсақалдық дәуірде қалыптасқан әйелді пайдалану мақсатында қолданатын тәсіл деп қарастырған. Сонымен қатар, социалистік феминизмнің жақтаушылары тек еркектермен ғана шектелмей, капиталистік жүйеден қаналған басқа да қауымдармен біріккенді жөн көрді .
Карл Маркс және Фридрих Энгельс жұмысшылар табының езілуі жойылса, сол кезде жыныстық теңсіздік жойылады деп ойлаған. Энгельс әйелдің еркекке бағынуы жеке мүліктің және таптық қоғамның пайда болуымен және отбасында еңбектің бөлісуімен байланыстырған . Марксистердің ойы бойынша, әйелдерді қанау еңбек бөлісуінің біржола жойылуының арқасында аяқталады.