Баға тархан немесе Күли ШорҚазақстан энциклопедиясы, VI-том(туған жылы белгісіз – 739ж.) – Түргеш қағанатының қағаны (шамамен 738 – 739ж.ж), сары түргештердің билеушісі. Сұлу қаған тұсында беделді қолбасшы болып, әр түрлі жорықтарға қатысты. 737 ж. қаған басқарған әскерлердің арабтардан жеңілгенін пайдаланып, Баға тархан Сұлу қағанды және оның мұрагерін өлтіріп, өзін қаған деп жариялады. Оның тұсында сары және қара түргештер арасындағы соғыс күшейе түсті. Осы алауыздықты пайдаланған Хорасандағы араб билеушісі Насыр ибн Сейяр 739 ж. Түргеш қағандығына басып кіріп, Баға тарханды қолға түсірді. Олар Баға тарханды өлтірілгеннен кейін, Түргеш қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
Сілтемелер
Тағы қараңыз
Санат:Тарих Санат:Түргеш қағанатының билеушілері