Бозарал қазаншұңқыры - Есіл - Ертіс өзендері аралығында, Шағалалытеңіз көлінің солтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан.
Дөңгелек пішінді ойыс табанының ұзындығы 4 км, ені 1,5 км, аумағы 5 км², кемері теңіз деңгейінен 128 м биіктікте. Аңғар тәрізді келген Бозарал қазаншұңқыры. ежелгі Қамыстысай өзенінің саздақты аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Суайрықтың кәдімгі қара топырағында жусанды-бозды шөптесіндер өседі, жерінің басым көпшілігі жыртылған, ал қазаншұңқырдың жағалауы мен табанында қамыс өсіп кеткен, көктемде қар ерігенде ойысты жерлері суға толығады.“Қазақ Энциклопедиясы”, II том
Дереккөздер
Санат:Қазаншұңқырлар Санат:Солтүстік Қазақстан облысы географиясы