Тәңірберген Жайлыбаев ауылы — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл, Еңбекші ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен23202691 2464 91,6 1354 1281 94,6 1337 1183 88,5

Тарихы Іргесі 1970 жылы осы өңірде мақта шаруашылығын дамытуға байланысты құрылған “Коммунизм” кеңшарының негізінде қаланған. Бұрын “Трудовосток” ауылы аталып келген. 1994 жылдан қазіргі атауымен аталады.

Инфрақұрылымы Ауыл әкімшілігі, мектеп, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, т.б. мекемелер бар. Жалпы орта мектеп Абай атымен аталады. Мектепте 800-ге жуық оқушы, 80-ге жуық оқытушы ұстаздар бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Мақтаарал ауданы елді мекендері