Бурабай — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, Абай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Күршім өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен848604 387 64,1 324 206 63,6 280 181 64,6
Бурабайда бұрынғы қой кеңшары бөлімшесінің негізінде акционерлік қоғам құрылған. Ауылда Күршім орман шаруашылығының ағаш өңдеу цехы, мектеп, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары Өскемен қаласымен және Күршім ауылымен, т.б. елді мекендермен автомобиль және су жолдары арқылы қатынасады. 19 ғасырдың 2-жартысында осы жерге тұңғыш рет қоныс тепкен Бурабай деген шаруаның есімімен аталған.
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы елді мекендері