Бөгенбай Маянбайұлы (1630, Батыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде (қазіргі Екатеринбург қаласының шетіндегі Шатрово қонысы – 1708, сонда) — қазақ батыры. Орта жүз Керей тайпасының Ашамайлы руынан.
Әз Тәуке заманында қазақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерін басқарып, ордабасы сайланған (1668). Бөгенбай қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар шайқастарды басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы қалмақтарының шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес қосқан. Бөгенбай 1688 жылы көктемінде қалмақтардың шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жараланады.
Бөгенбай батыр — Жанкісі жыраудың “Бөгенбай батыр” қиссасының бас кейіпкері.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:1630 жылы туғандар Санат:Екатеринбургте туғандар Санат:1780 жылы қайтыс болғандар Санат:Екатеринбургте қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ-жоңғар соғысына қатысушылар