Фриулдар (фриул. Furlans, фурландар) — Италияда тұратын ұлт. Жалпы саны 709 мың адам (2003).
Тілі Фриул тілі итальян тіліне қатысты болса да, мүлдем тәуелсіз роман тілі. Олар стандартты италян тілінде де сөйлейді.
Діні Христиан дінінің католик тармағын ұстанады.
Тарихы Фриулдар этногенезінде Фриули тарихи аймағын мекендеген эвганеялар, оларды жаулап алған (біздің заманымыздың бірінші мыңжылдықтың басы) венеттер, осында шапқыншылық жасаған (біздің заманымыздың 4 ғасыр) галл тайпасы карндар елеулі рөл атқарған. Б.з.б. 1 ғасырда бұл аймаққа римдіктердің билігі орнықты. Оның тұрғындарының романдануы 4 — 5 ғасырларда аяқталып, Фриулдар этносы қалыптаса бастады. 5 — 6 ғасырларда Фриулдар аумағын вестготтар, ғұндар, остготтар бағындырады. Фриулдар этнонимі Форум Юлии қаланың атына байланысты қалыптасқан. 11 — 14 ғасырларда екінші этникалық атау “фурлан” орныға бастады. Кейінгі орта ғасырлардан бастап итальян мәдениетінің ықпалына түсті. 1866 жылдан бастап Фриулдар жері Италия корольдігінің құрамына өтеді.
Кәсібі Фриулдардың дәстүрлі шаруашылығы — егіншілік (бидай, жүгері, көкөніс, жүзім, т.б. дәнді дақылдар өсіреді); таулы және жазық аймақтарда мал (негізінен сиыр) бағады.
Тұрмыс салты Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүрлі Альпі және венециандық үйлерге ұқсас тастан қаланған, ас үйдің мұржасы үлкен әрі биік етіп жасалуымен ерекшеленеді.
Дәстүрлі киімдері 19 ғасырға дейін киген ұлттық киімдері жергілікті италиялықтарға ұқсас болды. Ерлер — көйлек, күртеше, қысқа шалбар; әйелдер — көйлек, кеудеше, юбка, алжапқыш киген.
Дәстүрлі тағамдары Бидайдан полента (қазір жүгеріден жасайды) дайындаған. Ұлттық тағамдарында көкөніс басым.
Фольклоры Рухани мәдениеті италиялықтарға өте жақын. Дәстүрлі билері, ертегілері мен тақпақтары (виллотта) сақталған.
Дереккөздер
Санат:Италия халықтары Санат:Роман халықтары