Филиппо Брунеллеско (Brunelleschі, Brunellesco) (1377, Италия, Флоренция — 15.4.1446, сонда) — италиялық сәулетші, мүсінші, ғалым.

1402 — 09 жылдары Римде көне дәуір сәулет өнерін зерттеді. 1401 ж. мүсіншілер конкурсына қатысып, қола рельеф жасады. Бұл өз дәуіріндегі реалистік жаңалық, композициясы ширақ тұңғыш соны еңбек еді. Бұдан соң Брунеллески сәулетші, инженер, математик ретінде танылып, Қайта өрлеу дәуіріндегі сәулет өнерінің негізін қалаушы және ғыл. өрістілік теориясын ашушылардың бірі болды. Флоренция соборына аса үлкен (диам. 42 м) 8 қырлы күмбез тұрғызу кезінде (1420 — 36). Брунеллески ғыл.-инженерлік ойларымен үлкен табысқа жетті. Сан-Лоренцо шіркеуінің құрылысында ол ежелгі ордерлер жүйесінен қалған үлгідегі бірегей сәулетті күмбез композициясын жасады. Брунеллески Сан-Лоренцо (1422 — 46), Сан-Спирито шіркеулерінің құрылысында да ордерлер мен базилика дәстүрлерін сәтті пайдаланған. Оның шығарм-ндағы гуманизм, ғыл. ой-тұжырымдары мен көркемдік шешімдерінің өміршеңдігі ордерлерді дамытудың жолдарын анықтауға және дүниежүз. мүсін өнерін көркейтуге зор ықпал жасады. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Дереккөздер

Санат:1377 жылы туғандар Санат:Флоренцияда туғандар Санат:1446 жылы қайтыс болғандар Санат:Флоренцияда қайтыс болғандар Санат:Италия сәулетшілері Санат:Қайта өрлеу дәуірі сәулетшілері Санат:Флоренция сәулетшілері Санат:XV ғасыр сәулетшілері