thumb|right|200px|П.А. Дубовцев М.Әуезовтің Абай спектакліндегі Ф.И. Долгополов рөлінде Петр Алексеевич Дубовцев (29 желтоқсан, 1913, Ресей, Барнауыл — 17 қараша, 1988, Алматы) — актер, Бурятияның (1963) және Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1964).
Өмірбаяны 1938 жылы Жаңасібір қаласындағы “Красный факел” драма театрының студиясын бітірген.
Ульяновск, Иркутск, Улан-Удэ театрларында актер.
1984 жылдан Алматыдағы орыс драма театрында актер болып қызмет атқарды.
Рольдері
Алматыдағы орыс драма театры сахнасында Л.Г. Зориннің “Сарқылмас қайнар”, Н.Ф. Погодиннің “Үшінші шабыт”, М.Роговойдың “Жеңімпаз” және М.Ф. Шатровтың “Алтыншы июль” спектакльдерінде Ленин рөлін ойнаған. Дубовцев ойнаған басқа негізгі рөлдерінің арасында Достигаев (А.М.Горькийдің “Егор Булычов және басқаларында”), Иван Грозный (А.Н. Островский мен С.А. Геденовтың “Василиса Мелентьевасында”), Селищев (В.С. Розовтың “Сауыққойында”), Николай ІІ (А.Н. Толстой мен П.Е. Щеголевтің “Император қаскүнемдігінде”, т.б.) бейнелер бар.
Марапаттары Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:29 желтоқсанда туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Барнауылда туғандар Санат:17 қарашада қайтыс болғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Бурятияның еңбек сіңірген әртістері Санат:Бурятия театр актерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері