Шаянот () – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі.
Биологиялық сипаттамасы Улы, түйін тамырды, көпжылдық шөптес өсімдік.
Жапырағы жебе пішіндес, гүлі бір жынысты, гүлшоғыры - собық. Жемісі - ашық қызғыл-қызыл, жұмырт қатірізді жидек. Дәні көп болады.
Таралуы Аронниктің жер шарында 30 түрі белгілі, Оңтүстік және Орталық Еуропада (Дания, Ұлыбритания, Ирландия, Швеция, Аустрия, Бельгия, Нидерланд, Чехия, Германия, Венгрия, Польша, Швейцария, Корсика, Франция, Португалия, Балеар аралдары, Сардиния, Испания, Албания, Болгария, Грекия, Италия, Крит, Румыния, Сицилия, Түркия, Югославия, Ресейдің Еуропалық бөлігі) , Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Кипр, Иран, Ирак, Палестина, Израиль, Қытай, Непал, Пәкістан) және Африкада ( Алжир, Ливия, Марокко, Тунис, Азор аралдары, Канар аралдары, Мадейра) Arum орманды жерде өседі.
Қоныржай және субтропикалық климатта өседі.
Химиялық құрамы Ароннктің барлық түрі улы болады, құрамында улы алколоидтар болады. Кептірген кезде улы қасиетін жоғалтады.
Тамырында 25 % крахмал болады.
Түрлері Аронниктің жер шарында 30 түрі белгілі в базе:
Галерея
Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Сыртқы сілтемелер Arum// www.cate-araceae.org Arum // www.agbina.com Arum // flower.onego.ru
Санат:Шаяноттар