Жалағаш (2024 жылға дейін — Жалаңаш)Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын қайта атау туралы — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Жалағаш ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Кеген ауылынан батысқа қарай 45 км-дей жерде, әр түрлі астық тұқымдасты шалғын шөптер өскен қара топырақты таулық дала белдемінде орналасқан. Тау баурайындағы Жалаңаштың айналысында бұта аралас қайың, тал, қарағай, терек орманы өскен. Ауылдан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Күнгей Алатауының баурайында Көлсай көлі орналасқан. Шоқан Уәлиханов өзінің Қашқарға сапарында осы Жалаңаштан өткен.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен40763691 2964 80,3 1831 1527 83,4 1860 1437 77,3
Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланған. 1943-1963 жылдары Кеген ауданының орталығы. 1968-1996 жылдары аралығында қой өсіретін “Тоғызбұлақ” ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер құрылды.
Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, кітапхана, клуб, мәдениет үйі, стадион, аурухана, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Кеген ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері