Уран — Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылда бір рет айналады.

Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген.

Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 27Л.В.Ксанфомалити. Парад планет.-М.: Наука. Физматлит, 1997.стр.193. ISBN:5-02-015226-9 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.

Уран атмосферасында 12% гелий (Юпитер сияқты), қалғаны негізінен сутегі. Уранның маңызды құрамдас бөлігі метан болып табылады, 2,3% дейін. Юпитер мен Сатурнмен салыстырғанда Уран мен Нептун сутегі мен гелийге қарағанда ауыр элементтерге байығаны бірте-бірте анық бола бастадыВладимир Сурдин.Солнечная система.//М:ФИЗМАТЛИТ,2008.cтр.253.ISBN: 978-5-9221-0989-5.

Уран аталуының себебі Уран табылған кезде, ол сол кезде Англия королі болған Джордж III есімімен аталу керек еді. Сондай-ақ планета атауына үміткерлердің бірі ежелгі мифологиядағы Сатурн құдайының әйелі Кибеланың есімі болды. Дегенмен, астроном Иоганн Боде алғашқылардың бірі болып Уран планетасының атауын ұсынды. Бұл Сатурн планетасының Юпитердің әкесі болып табылатын құдайдың атымен аталуына байланысты болды, өз кезегінде Уран Сатурнның әкесі болды.

Уранның айырмашылықтары Уранның басты ерекшеліктерінің бірі - оның ерекше айналмалы қисаюы. Экватор жазықтығы планетаның орбитасының жазықтығына 97,86 градусқа еңкеюде, нәтижесінде планета сөзбе-сөз өз жағында айналады. Бәлкім, планета өзінің қалыптасу сатысында ғарыштық денемен соқтығысуы нәтижесінде мұндай стандартты емес жағдайға ие болды.

Оның осіне байланысты Урандағы күн мен түннің қалыпты мағынада өзгеруі тек планетаның экваторында болады. Полюстерде күн түнге және керісінше әр 42 жыл сайын өзгереді.

Урандағы температура Уран - күн жүйесіндегі ең төмен температураға ие планета, одан да алыстағы Нептуннан асып түседі. Атмосфераның бір қабатында -224 °С температура байқалды.

Дереккөздер

* Санат:Күн жүйесі ғаламшарлары