Владимир Александрович Шацков (26 наурыз 1950, Новошахтинск, Ростов облысы, РКФСР) — әскери қайраткер, генерал-майор (1995).
Өмірбаяны Орджоникидзе жоғары жалпы командалық әскери училищесін (1971), М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны (1985) бітірген. Әскери қызметін курсанттар взводы, ротасының командирі (1971 — 1979) болып бастады. 1979 — 1982 жылдары Солтүстік Кавказ әскери округінде мотоатқыштар батальонының командирі, 1985 — 1997 жылдары Орта Азия және Түркістан әскери округтерінде басшылық қызметтерде болды. 1997 — 1999 жылдары ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары — шұғыл әрекетті топтың командирі, 1999 — 2000 жылдары армия корпусы командирінің орынбасары, 2000 — 2002 жылдары Шығыс әскери округ әскерлері қолбасшысының орынбасары, 2002 — 2003 жылдары Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметтерін атқарды. 2003 жылдан “Астана” өңірлік басшылық әскерлерінің қолбасшысы.
2-дәрежелі “Даңқ” орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:26 наурызда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Ново-Шахтинскде туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары