Альваро Арбелоа Кока (; 17 қаңтар 1983 жылы, Саламанка) — испандық футболшы, қорғаушы.
Мансабы Клубтық Альваро мадридтік Реалмен өте жас кезінде сатып алынып, клубтың жастық командасында ойнай бастайды, команданы сол кезде Рафаэль Бенитес жаттықтырған. Уақыт өте келе резервті құрамаға ойнай бастайды, негізгі құрама сатысында 2 рет ойынға шығады, бірақ ол жерде тұрақтана алмайды. 2006 жылдың 24 шілдесінде Депортиво Ла-Коруньяға көшеді, бұл трансферді көбірек ойын уақытын алу үшін болған деп себеп келтіреді.
Тез уақыт ішінде Ливерпуль клубының назарына түседі және 2007 жылдың 31 қаңтарында ағылшын клубына өтеді. Келісім шарт суммасы 2,5 миллион фунт стерлинг құрады, ақшаның жартысын Реал Мадрид алды. Оның Ливерпульдегі дебюті 10 ақпанда Ньюкасл Юнайтед клубына қарсы ойында өтті, мерсисайдтық клуб ол ойында жеңіліс тапты. Альваро бұл ойында Жермейн Пеннант орнына шықты. Бұған қарамастан оның толық дебютін Барселонаға қарсы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында өткен матч десе де болады. Арбелоа бұл ойынға негізгі құрамында сол жақ қорғаушы позициясында шығады. Оның негізгі мақсаты Лионель Мессиге қарсы жақсы қорғану болды. Барселона бірінші гол соққанымен (кірген доп Арбелоаның да қатесі) , Ливерпуль екі гол соғып жеңіске жетеді.
2007 жылдың 7 сәуірінде Арбелоа Ливерпуль үшін бірінші голын соғады (Рединг футбол клубы қақпасына), солай ол 14 жарым жыл ішінде Ливерпуль сатысында 2 номерлі футболка киіп, ресми матчта гол соққан бірінші ойыншы болды, және осы уақыт ішінде Ағылшын Премьер-Лигасында осындай номермен гол соққан ойыншы болды. 1992 жылдың 16 желтоқсанында Майк Марш Лигу Кубогының Төртінші раундының қайта ойналған матчінде Кристал Пэлас футбол клубы қақпасына гол соғады, ал екі жеті бұрын Премьер-Лигада (1992 жылдың 28 қазанында) сол клубқа гол соққан.
2007/2008 Ағылшын Премьер-Лигасының маусымының алдында Арбелоа «2» номерді «17» номерге ауыстырады, ол номер командадан Крэйг Беллами кеткеннен кейін босайды.
2008 жылдың 27 наурызында Арбелоа Испания ұлттық құрама сатысында дебютін жасайды. Италия ұлттық құрамасына қарсы өткен достық ойынының 73 минутында Серхио Рамосты алмастырады. Ойын 1-0 есебімен бітіп, испандықтар ұтады. 2008 жылдың мамырында Альваро Австрия және Швейцарияда өткен Еуропа Чемпионатына шақыру алады, Испания құрамасы бұл турнирде жеңімпаз атанады.
Ұлттық құрама Қатысқан турнирлері
Футболдан Еуропа чемпионаты 2008 Конфедерациялар кубогы 2009 Футболдан әлем чемпионаты 2010 Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 Конфедерациялар кубогы: 2013
Жетістіктері Еуропа чемпионы: 2008, 2012 Чемпиондар Лигасы: 2013/14, 2015/16 Әлем чемпионы: 2010 2010-2011 маусымдағы Испания Кубогы Иегері 2011/12 Футбодан Испания Чемпионаты жеңімпазы 2012|2012 Испания Суперкубогы иегері
Сілтемелер
RealMadrid.com ресми сайтындағы ойыншы профилі LiverpoolFC.tv сайтындағы ойыншы профилі LFCHistory.net сайтындағы ойыншы профилі LiverpoolFC.ru сайтындағы ойыншы профилі Liverbird.ru сайтындағы ойыншы профилі
Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары