«Қазақстан» орталық концерт залы — алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған, әлемдік және отандық концерттерді, салтанатты іс-шаралар мен ресми кездесулерді, көрмелер мен конференцияларды өткізуге арналған ірі кешен.

Концерттік залды 2009 жылғы 16 желтоқсанда Елбасы Н.Ә. Назарбаев салтанатты түрде ашты. Бірегей, теңдесі жоқ кешенді құру идеясын Мемлекет басшысы ұсынған еді. Авторы әлемдегі белгілі жобалаушылардың бірі Манфреди Николетти болып табылатын «Қазақстан» Орталық концерт залының даңқы қазіргі күннің өзінде австралиядағы «Сидней» опера театрының атағымен бірдей.

2016 жылдан бастап «Қазақстан» орталық концерт залында еліміздің ең ірі концерттік ұйымы – «Қазақконцерт» еңбек етуде. Осындай ерекше жоба ТМД мемлекеттерінің шеңберінде жоқ және бұл Қазақстан Республикасының маңызды архитектуралық құрылымдарының бірі болып табылады.

Тағы қараңыз Астана қаласының Бас жоспары

Сыртқы сілтемелер www.qazaqconcert.kz

Санат:Астана ғимараттары мен құрылыстары