NGC 7538 — Цефей шоқжұлдызында орналасқан EN (эмиссиялық тұмандық) типті галактикалық тұмандық. Ол жер шарынан 9,100 жарық жылы қашықтыққа орналасқан. Ол бүгінге дейін байқалған протожұлдыздардың ең үлкен ошағы, оның үлкендігі біздің күн жүйесінен 300 есе үлкен. Ол Құс жолының Персей білегіне (Perseus Arm) орналасқан. Сондай-ақ ол бәлкім цефей OB2 кешенді жұлдыз жүйесінің бір бөлігі. Ол протожұлдыз көптеп пайда болып жатқан жанды өңір есептеледі және жарқыраған жақын инфрақызыл сәуле мен алыс инфрақызыл сәуле қайнары.
Жаңа жалпы каталогтың түпнұсқа басылымының тізіміне енеді.
Ашылуы Бұл нысанды 1787 жылы 3 қарашада Уильям Гершель астрономы ашқан болатын және NGC каталогында 7538 деген нөмірге ие болды. Сондай-ақ, бұл ғарыш объектісі өзге де зерттеулер мен каталогтарда кездескендіктен оның келесідей атаулары бар: LBN 542, Sh2-158.
Тағы қараңыз Мессье нысандарының тізімі Жаңа жалпы каталог
Сыртқы сілтемелер «Жаңа жалпы каталог» түпнұсқасындағы ағылшынша және французша мәліметтер Қайта қаралған Жаңа жалпы каталогтағы мәліметтер SIMBAD базасындағы мәліметтер VizieR базасындағы мәліметтер NASA/IPAC Extragalactic Database базасындағы мәліметтер NGC 7538 нысанына арналған жарияланымдар
Дереккөздер
Санат:NGC нысандары Санат:Цефей (шоқжұлдыз)