Құладындар () – қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Қазақстанда далалық аймақтарда, бұталы шалғындарда, өзен аңғарында, қалың қамыс арасында, шөл және шөлейт аймақтарда мекендейтін дала құладыны (Circus macrourus), шалғын құладыны (Circus pygargus), саз құладыны (Circus aerugіnosus) және түз құладыны (Circus суаneus) бар.
Саусақтары қысқа, жіліншігі қауырсынсыз келеді. Қанаты жалпақ әрі ұзын (32,0 – 44,5 см). Мекиені қоразынан ірілеу. Дене тұрқы 41 – 60 см, салмағы 400 – 750 г., ұясын жерге салады, мекиені 3 – 6-дан жұмыртқалайды, ақшыл, кейде бозғылт не сепкілді жасылдау болады. Жұмыртқасын 30 – 35 күндей басады. Балапандары 40 – 45 күнде ұядан ұшады. Балапандарын қоразы қоректендіреді.
Құладын – жыл құсы, кейде қар аз жауып, қыс жылы болса, қыстап та қалады. өсақ жәндіктер, ұсақ құстар, кемірушілер, кесірткелермен қоректенеді. Саз құладыны ондатр, қоян, қасқалдақ, үйрек аулап, қорек етеді. Кемірушілерді құртып, пайда келтіреді.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
Дереккөздер
Санат:Сұңқартәрізділер Санат:Құс түрлері Санат:1799 жылы зерттелген жануарлар