Айқаат (араб — кесім, норма) — мұсылманшылық құқықта: өзара қарым-қатынас жасаушы тараптардың заң жүзінде жасалатын келісімдерін талап етпейтін міндеттемелерінің жиынтық атауы.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 Ол әркімнің ішкі сенімі арқылы пайда болып, ерікті түрде жүзеге асуға тиіс. Екі жақтың өзара келісімі талап етілмегенімен, айқаатқа міндетті түрде куәгерлер қатысады, сот жол-жоралғылары (яғни, сот процесі өткізіледі, іс қағаздары, құжаттамалары ресімделеді, т.б.) атқарылады. Айқаатқа енген міндеттемелер өз мәндеріне орай 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім — отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер. Оған: 1) ажырасу;2) ғайбат, көңіл қаларлық сөз айту;3) ашына (ойнас) еместігі жайында ант ету;4) қарғыстар туралы тарау кіреді. Екінші бөлім — құлдардың хал-ахуалдарына қатысты міндеттемелер. Оған: 1) жалпы құл жағдайы;2) құлдарды қожасының еркімен азат етуі;3) құлдарды заңды түрде азат ету;4) қожасы өлгеннен кейін азат ету;5) құлдарды сыйлық шарты бойынша азат қылу;6) қашқын құлдарды іздеп табу шаралары;7) күңдермен отасу және олардан туған балалар туралы тараулар кіреді. Үшінші бөлім — сот ісін жүргізуге қатысты міндеттемелер. Оған: 1) мойындау;2) ант ішу тараулары кіреді. Төртінші бөлім — діни серт беру және күнә мен қылмыс жасаушылардың өкіну (арылу) мәселелерін қамтиды.Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Дереккөздер
Санат:Ислам Санат:Құқық