Құқықтық қарым-қатынас – құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас – жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Санат:Құқықтану