Хейдар Әлирзаұлы Әлиев (10 мамыр 1923, Нахшыван – 12 желтоқсан 2003, Огайо, Кливленд, АҚШ) — кеңестік және әзербайжандық саясаткер, 1969 жылдан 1982 жылға дейін Әзербайжан КСР Коммунистік партиясының басшысы және 1993 жылдан 2003 жылға дейін Әзербайжан президенті болды.
Әзербайжан КСР-інің МҚК-інде () қызмет еткен ол КСРО мемлекеттік қауіпсіздік қызметінде 28 жыл бойы жұмыс істеді. 1969–1982 жылдары аралығында ол жергілікті Коммунистік партиясының басшысы ретінде Кеңестік Әзербайжанға басшылық етті. Ол 1982 жылдан 1987 жылға дейін КОКП ОК Бірінші хатшысының орынбасары болды. Леонид Брежнев пен Юрий Андроповпен жақындастығы арқылы Әлиев КСРО басшылығында өсіп келген мансап құрды.
Президент Әбілфаз Елшібайды биліктен құлатқан 1993 жылғы әскери көтерілістен кейін Әлиев Әзербайжан президенті болып тағайындалды. Елшібай белгілі кеңестік диссидент және әзербайжандық ұлтшыл саясаткер еді және президент болып 1992 жылғы Әзербайжанның тұңғыш әділ және еркін сайлауында сайланған болатын. Әлиевтің президенттігі осылайша Әзербайжанның ұзаққа созылмаған демократиялығын тоқтатты. Билікке келгеніне көп болмағанда Әлиев президенттікке үміткер болып, ресми деректер ақпаратынша дауыстың 99% жинады.
Әлиевтің Әзербайжандағы билігі диктаторлық,The Two Faces of Azerbaijan's Mr. Aliyev // The New York Times, 2015-01-11Hans Slomp. Europe, A Political Profile: An American Companion to European Politics: An American Companion to European Politics. ABC-CLIO, 2011. ISBN 0-313-39181-5, 9780313391811. 672-бетFranCoise Companjen, Laszlo Maracz, Lia Versteegh. Exploring the Caucasus in the 21st Century: Essays on Culture, History and Politics in a Dynamic Context. Amsterdam University Press, 2011. ISBN 90-8964-183-1, 9789089641830. 121-бетThomas Goltz. Azerbaijan Diary: A Rogue Reporter's Adventures in an Oil-Rich, War-Torn, Post-Soviet Republic. M.E. Sharpe, 1999. ISBN 0-7656-0244-X, 9780765602442. 66+бетElisabeth Precht. Azerbaijan In the Shadow of a Dictatorship //Jarl Hjalmarson Foundation, 2012В турецком учебнике Гейдар Алиев представлен как диктатор // Сontact.az. 2013-02-09 «В изданной в Турции учебнике „Конституционное права“ для студентов университетов бывший президент Азербайджана Гейдар Алиев назван „диктатором“» (copy) авторитарлық,Rise of Leader's Son Sharpens Azerbaijan's Identity Crisis // Washington Post. 2003-08-09David J. Kramer; Richard Kauzlarich. It's time for the United States to act on Azerbaijan // Washington Post, 2016-09-08Svante E. Cornell Democratization Falters in Azerbaijan // Journal of Democracy 12.2 (2001) 118—131Борисов Николай Александрович. Институционализация института президентства и перспективы консолидации политических режимов на постсоветском пространстве // «Полития».-2011.-№ 4(63).-С.93-103. «И хотя эта гипотеза ещё нуждается в дополнительной проверке, уместно предположить, что в этих государствах состоялась авторитарная консолидация, причем важнейшим её фактором был институт президентства и сами личности президентов (Сапармурат Ниязов, Эмомали Рахмон, Нурсултан Назарбаев, Гейдар Алиев)» репрессиялықEncyclopædia Britannica. Heydar Aliyev. Azerbaijani politician who, was one of the most powerful men in Azerbaijan for more than 30 years, as deputy chairman (1964–67) and chairman (1967–69) of the regional KGB, as secretary (1969–87) of the Communist Party of Azerbaijan, and from 1993 as the repressive and autocratic president of independent Azerbaijan. деп бағаланады. Ол сондай-ақ сайлаулар бұрмаланып, билікке қарсылық білдірушілер қудаланған қатаң полиция мемлекетінің басшысы делінді."There is stability, because Mr Aliev is an acute tactician who runs a heavy-handed police state. Opposition leaders who decline to be co-opted are in jail, in exile or bullied. Elections are rigged, the media muzzled." Әлиевтің айналасында жеке басқа табыну культі қалыптасты да, ол 2003 жылғы өлімінен кейін де жалғасты. Әлиев қайтыс болмай тұрғанда оның ұлы Ильхам Әлиев жалған сайлау нәтижесінде президент болып сайланады да, бүгінгі күнге дейін Әзербайжанды басқарып келеді.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Әзербайжан президенттері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері Санат:Жауынгерлік еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО) Санат:КСРО Қарулы күштерінің ардагері медалінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Нахшыванда туғандар Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО генерал-майорлары Санат:Әзербайжан коммунистері Санат:Бакуде жерленгендер