thumb|right Александр Константинович Гейнс (21.08.1834, Ресей — 29.12.1893, Ницца) — қазақ халқының этнографиясын зерттеуші.

2-Константиновское әскери уч-щесін, 1859 ж. Бас штабтың академиясын бітірген. 1865 — 66 ж. қазақтардың әдет құқығы мен қазақ даласының түрлі аудандарындағы шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Г-тің “Қырғыз очерктері” аталатын еңбегінде Өскемен, Семей, Петропавл, Көкпекті, Аягөз, Қапал, т.б. қалалар мен бекіністер, Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма бекініс жүйелерінің салынуы, Жетісу өңіріндегі қазақ-орыс қатынастары, Абылайкит бұтханасының құлаған орны, Лепсі өз. бойындағы қалмақ бейіттері туралы маңызды мәліметтер бар. Ш. Уәлихановтың өмірбаянына қатысты деректер келтірілген. Гейнс қазақ өлкелерін басқару жөніндегі 1867 — 68 ж. сот-әкімш. реформаларын, “Дала облыстарын басқару туралы ереженің” (1891) бастапқы нұсқасын даярлауға қатысты.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Севастополь қорғанысына қатысты. 1863 ж. Полына көтерілісін басуға қатысты. 1867-68 ж. реформа қарсаңында (1865-66) қазақтардың дәстүрлі құқығы мен қазақ даласының түрлі аймағында шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен шыққан комиссия құрамында болды. Гейнс — "Сырдария, Жетісу облыстарын басқару жөніндегі ереже жобасының" авторы. 1867-69 жылдары Түркістан генерал-губернаторы кеңсесінің басқарушысы, Гейнстің 1865-66 ж. Батыс Қазақстанды аралаған саяхатында кең көлемді күнделігі жарық көрді.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Дереккөздер

Санат:21 тамызда туғандар Санат:1834 жылы туғандар Санат:Ресейде туғандар Санат:29 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:Ниццада қайтыс болғандар Санат:1892 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан этнографтары Санат:Қырғызстан этнографтары Санат:Одессаның 1-ші Христиандар зиратында жерленгендер Санат:2 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:4 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Императорлық тәжі бар 1 дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Қылышы бар 1 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Императорлық тәжі бар 2 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Қылышы бар 2 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Қылышы бар 3 дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Князь Даниил I орденінің иегерлері Санат:Полоцк кадет корпусы түлектері Санат:Қырым соғысының қатысушылары Санат:Орта Азиялық жорықтарының қатысушылары Санат:Ресей империясы генерал-лейтенанттары Санат:Қазан губернаторлары Санат:Одесса дуанбасылары