Grand Theft Auto (қыс. GTA; ) — компьютерлік ойындар топтамасы, Rockstar North (бұрынғы DMA Design) және Rockstar Leeds британ компаниялары жасаған, және Rockstar Games компаниясы шығарған.
Ойынның жанрлары: шутер, авто-сылтауратқыш, оқиға.
Топтаманың бірінші ойыны 1997 жылы шықты. Қазір оның құрамында сегіз ойын бар. Олар ең белгілі компьютерлік ойындардың бірі.
thumb|200px|Бірінші ойыны GTA
thumb|200px|GTA 2
thumb|200px|GTA Advance
thumb|200px|GTA III
thumb|200px|GTA Vice City
thumb|200px|GTA San Andreas
thumb|200px|GTA IV
thumb|200px|GTA CW
thumb|200px|GTA V
Сипаттама
Топтаманың әр ойыны үлкен қаланың криминалы туралы және олардың негізгі кейіпкерлері (протогонисттер) — криминалдық адамдар. Ойнаушы адам негізгі кейіпкерді басқарып, оны криминалдық дүниеде өсіреді. Алғашында ол қарусыз, ақшасыз болып, елеусіз тапсырмаларды орындайды. Ойын барысында тапсырмалар қиындай бастайды. Ойыннан өту үшін барлық негізгі тапсырмаларды орындау керек. Негізгі тапсырмалардан басқа қосымша тапсырмалар да бар. Олар: таксист, өртсөндіруші, полиция болып істеу, бәйгелерге қатысу және т. б. бар.
Әр GTA ойынның өз сюжеті бар. Әдетте ол негізгі кейіпкерді сатып кетуден басталады. Содан кейін ол қиындықтардан өтіп, соңында шыңына жетеді.
Grand Theft Auto ойындар басқалардан еріктігімен ажыратылады. Ойнаушы адам ойын алаңының әр жеріне өте алады, кез келген көлікті алып айдай алады, кейбір ғимараттарға кіре алады.
GTA III ойыннан бастап ойынның дүниелері толығымен пысықталып, кең көлемде жасалған. Оларда өз радиостанциялары бар, көп әр-түрлі адамдар, көліктер, ғимараттар және тағы басқа виртуалды дүниені толтыратын көптеген элементтері бар.
Тарих
Grand Theft Auto топтаманы бірнеше канондардарға графикалық қозғауыштар бойынша бөлуге болады.
2D-ойындар:
Grand Theft Auto
Топтаманың ең бірінші ойыны. Бұл 1997 жылы PC мен PlayStation Gameboy Color платформаларына шығарылған. Осы ойыннан бастап ойын индустриясы өзгерістерге ұшырады. Ойынды аса жақсы қабылдамады. Себебі: ойын 2D болды, ойынды сақтауға болмады, машина саны көп болмады. Осындай кемшіліктерден ойынды қабыл алмады. Дегенмен GTA 1 - негізгі ойынның бірі. Ол ойын индустриясының дамуына жол ашты. Бұл ойынға қосымша ретінде GTA London 1969 және GTA London 1961 шықты. Өзгешелік онша байқалмады, бірақ машина саны көбейді. Rockstar Games сайтынан GTA 1-ді тегін қотаруға болады.
Grand Theft Auto: London 1969 Grand Theft Auto: London 1961 Grand Theft Auto 2
Екінші ойын. 1999 PC, PlayStation және Dreamcast-қа шықты. Алдағы ойынмен салыстырғанда жақсартылған жақтар бар: графикалық қозқауыш түзелген, бандыны екшеу мүмкіндігі пайда болды. Ойыншы қай бандыға жұмыс істегісі келсе өз еркінде болды. Бұл ойыннан бастап ойынды сақтауға болатын, бірақ ол 50000 тұрды.
Grand Theft Auto Advance
2004 Game Boy Advance платформасына шыққан. Графикасы GTA 1 мен GTA 2-нің графикасына ұқсас болды.Дегенмен алғашқыда GTA 3 пайда болған жұмыстар (такси, өрт сөндіруші, т.б) ойында болды.
3D-ойындар:
Grand Theft Auto III
Ойын 2001 жылда PlayStation 2-ге және 2002-де PC-ға шықты. Топтамада ол және бұдан кейінгі ойындар 3D-шутер жанрында.
Grand Theft Auto: Vice City PS2 — 2002, PC — 2003. Ойынның басты кейіпкері Томми Версетти. Ол Вай Сити деген қалада оқиғаларды кешеді. Grand Theft Auto: San Andreas PS2 — 2004, PC — 2005 GTA San andres ойыны 1992 жылды сипаттайды.Онда басты кейіпкер Карл Джонсон (CJ) болады .Оның достары Райдер,Смоук,Карл деген достары болады.Ал ойынның соңында Райдер және Смоук отбасын сатып қашып кетеді.
Grand Theft Auto: Liberty City Stories PlayStation Portable — 2005 Grand Theft Auto: Vice City Stories PlayStation Portable — 2006, PlayStation 2 — 2007
HD-ойындар:
Grand Theft Auto IV
2008 жылы сәуірдің 29-да PlayStation 3 және Xbox 360 платформаларына шығып, желтоқсанның 2-де Америкада жеке компьютерлерге арналып шыққан. Нарыққа шыққан ең бірінші күнінде 310 миллион АҚШ доллар пайда алып, Гиннес Рекордтар Кітабына кірді. Ойынның оқиғасы 2008 жылы Либерти Сити қаласын сипаттайды. Ойынның басты кейіпкері - Нико Беллик. Немере ағасы Роман, оны Америкалық Арманға еліктеткісі келген еді. Бірақ Нико келгесін қала жағдайы туралы ұғып алып, Романның мәселесін шешіп бастайды. Ойын процесі жаңа заманға көшті, яғни RAGE(Rockstar Advanced Game Engine) ойын графикалық қозғауыштығы жәнеде Euphoria физикалық қозғауыштығымен құрастырылған.
Қосымша ойындары:
Grand Theft Auto: Episodes From Liberty City (2009) Grand Theft Auto IV: The Lost and Damned (2009) Grand Theft Auto IV: The Ballad of Gay Tony (2009)
Grand Theft Auto: Chinatown Wars
2009 жылы наурыздың 27-де Nintendo DS, PlayStation Portable, iPhone, iPod Touch және iPad платформаларға шыққан.
Grand Theft Auto V 2013 жылдын 17-ші қыркүйекте PlayStation 3 және Xbox 360 платформаларына шыққан, ал 2014 жылдың 18-ші қарашасында PlayStation 4 және Xbox One-ға шықты, ендігідей 2015 жылдың 27-ші қаңтарында дербес компьютерге шығады деп күтілген еді, бірақ 22-ші наурызға ауыстырып, кейін 14-ші сәуірде шығарды. Ойын оқиғасы 2013 жылы Лос Сантос қаласында өтеді. Ойында бірден үш кейіпкерлер болады: Майкл де Санта(Таунли), Франклин Клинтон жәнеде Тревор Филипс. Бірінші рет ойын топтамасында әлемнің түрлі жануарлары белгіленген.
GTA ойын замандары
1961 — Grand Theft Auto: London, 1961 1969 — Grand Theft Auto: London, 1969 1984 — Grand Theft Auto: Vice City Stories 1986 — Grand Theft Auto: Vice City 1992 — Grand Theft Auto: San Andreas 1997, 1998 — Grand Theft Auto 1998 — Grand Theft Auto: Liberty City Stories 2000, 2001 — Grand Theft Auto Advance 2001 — Grand Theft Auto III 2008 — ГТА 4, Grand Theft Auto: Episodes from Liberty City 2009 — Grand Theft Auto: Chinatown Wars 2013 — Grand Theft Auto V
GTA ойын қалалары
Ойдан шығарылған қалалар
Либерти-Сити (Liberty City) (GTA, GTA III, GTA Advance, GTA: San Andreas, GTA: Liberty City Stories, GTA IV, GTA Chinatown Wars) Вайс-Сити (Vice City) (GTA, GTA: Vice City, GTA: Vice City Stories) Сан Андрес (San Andreas) — штат Лос-Сантос (Los Santos) - (GTA: San Andreas, GTA V) Сан-Фиерро (San Fierro) - (GTA: San Andreas) Лас-Вентурас (Las Venturas) - (GTA: San Andreas) Аймақ 69 (Area-69) - (GTA: San Andreas) Блейн Округі (Blaine County) - (GTA V) Энивер Сити (Anywhere City) (GTA 2) Карцер-Сити (Carcer City) (GTA III, GTA: San Andreas, GTA: Liberty City Stories)
Деректі қалалар
Лондон — Grand Theft Auto: London, 1969, Grand Theft Auto: London, 1961 Манчестер — Grand Theft Auto: London, 1961
Негізгі кейіпкерлер
Клод Спид (Claude Speed) — GTA 2 Клод (Claude) — GTA III Томми Версетти (Tommy Vercetti) — Grand Theft Auto: Vice City Карл Джонсон (Carl «CJ» Johnson) — Grand Theft Auto: San Andreas Майк (Mike) — Grand Theft Auto Advance Тони Сиприани (Toni Cipriani) — Grand Theft Auto: Liberty City Stories Виктор Вэнс (Victor Vance) — Grand Theft Auto: Vice City Stories Нико Беллич (Niko Bellić) — Grand Theft Auto IV Джонни Клебитц (Johnny Klebitz) — Grand Theft Auto IV: The Lost and Damned Луис Лопес (Luis Lopez) — Grand Theft Auto IV: The Ballad of Gay Tony Ли Хуан (Huang Lee) — Grand Theft Auto: Chinatown Wars Майкл де Санта "Майкл Таунли" (Michael de Santa "Michael Townley") — Grand Theft Auto V Франклин Клинтон (Franklin Clinton) — Grand Theft Auto V Тревор Филипс (Trevor Philips) — Grand Theft Auto V
Сілтемелер Grand Theft Auto: The Official Site Grand Theft Auto Grand Theft Auto: London — GTA: London 1969 и GTA: London 1961. Grand Theft Auto 2 Grand Theft Auto III Grand Theft Auto: Vice City Grand Theft Auto: San Andreas Grand Theft Auto Advance Grand Theft Auto: Liberty City Stories Grand Theft Auto: Vice City Stories Grand Theft Auto IV Grand Theft Auto V
Санат:Шутерлер Санат:Grand Theft Auto