Айдарлы — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Айдарлы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қарасу ауылынан оңтүстікке қарай 55 км жерде. Қойбағар, Тімтуір өзендерінің айрығында орналасқан. Маңайында Астана-Қарталы (Ресей) темір жолына қарасты Тімтуір бекеті бар.

Тарихы Ауылдың іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты қаланды.

Инфрақұрылымы Ауылда мектеп, клуб, аурухана, балалар бақшасы бар. Аудан орталығы мен Қойбағар темір жол бекетіне автомобиль жолы арқылы қатынайды.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 909 адам (441 ер адам және 468 әйел адам) болса, 2009 жылы 723 адамды (342 ер адам және 381 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы елді мекендері