Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының бұрынғы төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының бұрынғы төрағасы, Қазақстан Бокс федерациясының төрағасы, Газпром РАҚ-ы директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі.
Өмірбаяны Құлыбаев 1966 жылғы 10 қыркүйекте, Алматы қаласында туған. Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан. Отырарды қиратқан кім? | Серке - «Ел-арна» – Ең ірі қазақ тілді әмбебап ақпарат арнасы | elarna.net | ел-арна дүниедегі ең үлкен қазақ тілді әмбебәб информатся арнасы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988).https://web.archive.org/web/20210602212338/http://www.elarna.net/m/koru_kk.php?tur=39&id=222766&qolfon=jokhttps://web.archive.org/web/20180201133831/https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30120587#pos=1;-29
«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999).
1988–1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.
1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды. 1992 жылы қызметінен кетті.
Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын. 1992 жылдан 1995 жылға дейін холдингтің директоры болды.https://web.archive.org/web/20140226214208/http://kapital.kz/naznacheniya/20611/timur-kulibaev-vozglavil-nacpalatu-predprinimatelej.html
Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды, Олар банк IPO-сын табысты аяқтап, оның банк секторындағы алдыңғы қатардағы орнын сақтап қалды.https://inbusiness.kz/ru/appointment/dose-timur-askarovich-kulibaev
1995 жылы серіктестерімен бірге Алматы сауда-қаржы банкінің негізін қалады. Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, несие комитетінің құрамына кірді.https://web.archive.org/web/20160315224510/https://lenta.ru/lib/14215753/#2
1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында).
1997 жылғы мамырдан 1999 жылғы наурыз аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.
Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл жөнінде былай дейді:
«Халықаралық қаржылық институттармен жұмыс істейтін, жаңа жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыра алатын адамдар қажет болды. Мен ойлана келе Құлыбаевты шақыруға шешім қабылдадым. Сол уақытта Алматыда ешкім де мұнайшы болуға ынталылық танытпайтын. Мен ұстанымымда тайқымастан нық тұрып, Тимурды үгіттей бастадым. Бұл, әрине, бүгінгі күнде әдеттен тыс, оғаш естілуі мүмкін. Оның компанияға келуімен жұмыс жаңа арнаға түсіп, тың идеялар туындап, алдағы уақытта іске асырылуы тиіс міндеттер қойыла бастады. Біз бүгінде капиталдың өзара байланыстылығын, әдетте, болуы тиіс құбылыс деп қараймыз, ал сол кезеңде "несиелік рейтинг", "еурооблигация" деген сөздер қолданысқа енді еніп келе жатқан, жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер болатын. Құлыбаев "еуробондтарды" шығаруда ізашар болды. Оның бастамасымен өнеркәсіп тиімділігін бағалаудың жаңа критерилері мен ресурстарды басқарудың жаңа формалары пайда болды. Айтпақшы, "Трактебелден" газ тасымалдаушы жүйелерді және электр энергетикалық өнеркәсіптерді мемлекетке қайтарудың бастамашысы Құлыбаев болған. - Нұрлан Балғымбаевпен, Ләззат Қиыновпен және Балтабек Қуандықовпен сұқбат.» Родина в завязке - Общественно политическая газета "Время"
1999 жылғы наурызда «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды.
2001 жылғы мамырдан 2002 жылғы ақпанға дейін — «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылғы ақпаннан 2005 жылғы қазан аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті. 2006 жылдан 2007 жылға дейін компанияның директорлар кеңесіне кірді, ал 2009 жылдан 2012 жылға дейін кеңес төрағасы болды. Тимур Құлыбаев «Бритиш Газ» компаниясынан Солтүстік-Каспий жобасының 8,33%-ын сатып алу бойынша мәмілеге қатысып, «ҚазМұнайГаз»-дың Қашаған кен орнын игеруге қатысуын қамтамасыз етті. Тимур Құлыбаевтың компаниядағы қызметі алынатын мұнай қорларын ұлғайтуға, көмірсутектерді тасымалдау бағыттарын кеңейту мен әртараптандыруға, мұнай өңдеу қуаттарын арттыруға ықпал етті. https://oilcapital.ru/news/2005-05-04/kazmunaygaz-zavershil-sdelku-po-priobreteniyu-doli-british-gaz-v-severo-kaspiyskom-proekte-984790
«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясын құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды.
2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді.
2006 жылғы сәуір мен 2007 жылғы тамыз аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.
Қызмет жолы Самұрық-Қазына басшылығында 2008 жылғы қазанда «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды.Тимур Құлыбаев «ҚазМұнайГаздың» директорлар кеңесінің жаңа құрамына кірді
2011 жылғы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды.Қорды Құлыбаев басқаратын болды Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырды.
«Бізге жүктелген міндеттер аз емес. Оның ең бастысын жаңа жасақталған Үкіметтің жақында ғана өткен кеңейтілген мәжілісінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап ескерткен болатын. Ол Қор компанияларын "ұлттық чемпиондар" деңгейіне дейін көтеруді міндеттеді. Инновацияларды енгізуге қабілетті, өз саласында кез келген күрделі жобаларды жүзеге асыруға дайын, аймақтық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, мықты компанияларға айналдыруды тапсырды. Екінші маңызды мәселе - мемлекеттік компаниялардың бірқатарын "халықтық IPO-ға" өткізу, сонымен бірге қазақстандықтарды қор нарығына тарту үшін олардың өз табыстарын арттыруына қолайлы жағдайлар туғызу. Бұл мәселе бойынша біз үкіметпен бірлікте ұлттық компанияларды қор нарығына шығарудың тұжырымдамалары мен механизмдерін жасау үстіндеміз. Инновацияларды дамыту -мемлекет әлеуетін көтерудің маңызды шарасы екендігін Елбасымыз баса атап көрсетті. Осы мәселенің өзі біздің алға қойған басым бағытымыз болып саналады. Қор ұлттық компаниялардың негізгі акционері, басқарушы жалғыз корпоративтік орталық ретінде басты рөлге ие болуы тиіс. Біз топтарға тұтастай жіктеп, сондай-ақ ірі компанияларға жеке-дараланған күйде корпоративтік инновациялық-технологиялық стратегия жасауға кірістік. Қордың Инновациялық кеңесі, ал еншілес компанияларда Ғылыми-техникалық кеңестер құрылды. Біз табысқа жетудің жолы туындаған ойдың дайын өнім болғанына дейінгі жүретін барлық процестер кешенінің іске асуын қамтамасыз ететін инновацияны басқарудың заманауи әдістерін енгізу деп білеміз. Егер қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы айтар болсақ, осы жылы біз үкіметтің дағдарыстың алдын алу бойынша жүргізген бағдарламаларын толықтай іске асырып боламыз. Қор үшін ішкі жүйелік міндеттемелер де маңызды. Бұл арада еншілес компанияларды басқарудың жүйелерін жетілдіру жөнінде айтып отырмын. "Самұрық-Қазына" - шаруашылық құрылым емес, қор еншілес компаниялардың операциялық қызметтеріне араласпайды, компанияның сарапшы қызметкерлерін ауыстырмайды, ауыстыруға тиіс те емес. Біз активтермен басқарамыз. Бұл дегеніміз, басты бағыт ретінде корпоративтік басқару қағидаттары қойылуы тиіс. Корпоративтік құжаттар мен реттемелер жасау және жасау үдерістерін қалыптастыру, бағалаудың нақты критерилерін енгізе отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау және оны жүзеге асырумен біз әртүрлі жобалар арқылы нақты экономиканың тетіктерін меңгеріп, еншілес компаниялар ісінің тиімділігін арттырамыз.»Во главу угла будут поставлены принципы корпоративного управления - | Номад
Құлыбаевтың пікірінше инвесторлармен тұрақты конструктивті байланыстар орнату Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін өте маңызды.
«Қазақстан инвестицияны дамытушы мемлекет ретінде елге инвесторлар шақырады, өзінің міндеттемелер тұрғысынан тұрақтылығын көрсетеді. Сондықтан да менің ойымша біздің инвесторлар өздерін жақсы, қолайлы сезінеді».
Шет ел инвесторларымен ынтымақтастық сондай-ақ экология, қазақстандық құрам, ұлттық кадрлар мәселелерімен ұштасып жатыр. «Біз осы мәселелер бойынша шет ел инвесторларымен де жұмыс істеп жатырмыз», деп атап өтті Құлыбаев.Мұнай-газ секторындағы мемлекеттің ықпалы едәуір жоғары Тимур Құлыбаев қазақстандық өндірушіні қолдауға уәде етті «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсы шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Құлыбаев экономика саласындағы талантты жастардың инновациялық жобаларын қолдап сөз сөйлейді:
«Мен бұл конкурс жаңа есімдерді анықтап, қоғамдық өмірдегі және экономикадағы өзекті проблемаларды ерекше жолдармен шешуге және жаңа идеяларға жол ашады деп сенемін. Егер біз бүгін инновациялық жастарды қолдасақ, ертең қуатты Қазақстан біздің қолымызда екеніне сенімдімін.»«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсын жариялады
2011 жылғы 26 желтоқсан күні Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң Басқарма төрағалығынан босатылды.Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы етіп тағайындады
«KazEnergy» ассоциациясындағы жұмысы 2005 жылдан 2023 жылға дейін «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының Қазақстан қауымдастығын басқарды. Бұл құрылым жеке инвесторлар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынастарды реттеумен айналысады, сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік компанияларды біріктіреді.https://web.archive.org/web/20180201075513/https://www.kursiv.kz/persons/Kulibaev-Timur-Askarovich/
«Атамекен» одағындағындағы басшылық 2010 жылғы сәуірде «Атамекен одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы (ҰЭП) болып сайланды. 2011 жылғы қыркүйекте Астанада өткен «Атамекен» ҰЭП съезінде Құлыбаев Кеден одағы және қазақстандық құрамды дамыту шеңберінде бизнес үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қозғады. «Бүгінгі таңда сатып алулардың 50 пайыздан астамы Қазақстанда жүзеге асырылады. Біз осы цифрды көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді Құлыбаев. Тимур Құлыбаев «Атамекеннің» жаңа басшысына бірқатар тапсырмалар берді
«Газпром»