Шие () – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.

Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.

Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.

Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет. ISBN 9965-36-414-1

Өсімдік туралы Шие – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – солтүстік Парсы жері мен Қара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері аратісті. Гүлі сұрыпына қарай ақ және күлгін, хош иісті. Жемістері тегіс-домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады. Жемістері дәміне қарай тәтті және қышқыл болып екіге бөлінеді. Еті тығыз, шырынды. Сүйегінің үлкендігі 15 мм-дей. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, маусым-шілде айында жемісі піседі. Шиені тұқым, тамырлары, қалемшелері, көшеттерін ұластыру арқылы көбейтеді. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. 8-10 жылдары толық жеміс салу кезеңі. Бір ағаш 100 кг-нан астам жеміс береді. 20-25 жылда сему (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы) кезеңі басталады.

Шие желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Шиені көктемде отырғызған жөн. Күзде отырғызылған көшет, қыс суық болса, ауырып қалады. Отырғызғаннан кейін 1-ші жылдан бастап жылда қырқу-кесу жұмыстарын жүргізу керек. Шие тез тармақталып өсетіндіктен, бұтақтарының арасы тығыз болып, бір-біріне кедергі жасайды. Қырқу-кесуді ерте көктемде, өсімдік әлі «ұйықтап» жатқанда жасайды.

Қолданылуы Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Шие қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темір, фосфор, магний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Шиеден шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды. Шие аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады.

Шие туралы тақпақ Шие пісіп төгілді,

Балалар жүр көңілді.

Түсі қандай қып-қызыл,

Жоса қылды жеңімді.

Орындалды тілегім,

Піссе екен деп жүр едім.

Сорып алып шырынын,

Лақтырамын сүйегін

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

Санат:Шиелер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Раушангүлділер

als:Kirsche (Frucht) ar:كرز az:Albalı bat-smg:Vīšnė bg:Череша bo:སེའུ། br:Kerez chr:ᎩᏔᏯ co:Chjarasgia cs:Třešně cy:Ceiriosen da:Kirsebær (frugt) eml:Sirësa en:Cherry eo:Ĉerizo es:Cerasus et:Kirsipuu eu:Gereziondo fa:گیلاس fi:Cerasus fr:Cerise ga:Silín gl:Cereixa he:דובדבן hi:आलूबालू hsb:Wišnja ht:Seriz hu:Cseresznye id:Ceri io:Cerizo it:Ciliegia ja:サクランボ ka:ალუბალი kaa:Shiye la:Cerasus (pomum) lb:Kiischt lij:Çëxa lt:Vyšnia lv:Ķirši mdf:Атямарь ml:ചെറി mn:Интоор mr:चेरी mrj:Вишняву ms:Ceri mwl:Cereija nap:Cerasa ne:पैयुँ nl:Kers (fruit) nn:Morell nv:Didzéchííʼ oc:Cerièra pam:Cherry pcd:Chrisse pl:Wiśnia pnb:شاہ دانہ pt:Cerejeira ru:Вишня scn:Cirasa sco:Cherry simple:Cherry sv:Körsbär th:เชอร์รี่ uk:Вишня ur:آلو بالو vi:Anh đào wa:Ceréjhe zh:樱 zh-yue:車厘子