Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Исхақ () (704, Медина — 767/68, Бағдат) — араб тарихшысы. 733 ж. Египетке қоныс аударып, кейін 749 жылдан бастап Иракта тұрған. “Китаб сират расул Аллаһ” (“Алланың жіберген адамының өмірі туралы кітап”) аталатын еңбегіннің бізге Египет әдебиетшісі ибн Хишамның (833/34 ж.ө.) өңдеген нұсқасы жетті. Бұл еңбекте көне ислам дінінің тарихы жөнінденақтылы деректермен қатар аңыз-әпсапалар да кездеседі.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:767 жылы қайтыс болғандар Санат:Араб тарихшылары Санат:Ислам ғұламалары Санат:704 жылы туғандар