Жарыпшыққан – Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақкісі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жердегі қыстау.

Қараторғай өзенінің аңғарында. Қыстау сай, төбелі-белесті жерде орналасқан. Солтүстігінде Топалаң көлі, маңында Қоғалы, Шақпақ қыстаулары мен Аққұдық, т.б. бұлақтар бар. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы қыстаулары Санат:Амангелді ауданы географиясы