Жартас далазығыры () – астралылар тұқымдасының далазығыры туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауындағы Сөгеті тауының баурайы мен жартасты жерлерінде өседі. Биікт. 20 — 30 см. Көп бұтақты сабағы төм. жағынан сүректеніп кеткен. Майда, ланцет тәрізді сүйір отырмалы жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлінің түсі әр түрлі: шеткі аналық гүлдері — қызғылт күлгін, күлтесі — ақшыл сары түсті болады. Бұлар жиналып, себет гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Шілде — қыркүйек айларында гүлдейді. Тұқымы — сыртын түк жапқан дәнек. Жарсуат далазығыры — өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. "Қазақ Энциклопедиясы" Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер