Жапон шұңғымасы () — Тынық мұхиттың солтүстік-батысында, Хонсю аралының шығысында орналасқан. Солтүстігінде Куриль-Камчатка шұңғымасымен, оңтүстгінде Идзу-Бонин шұңғымасымен жалғасады. өз. 680 км-дей, 6000 м тереңдіктегі ені 70 км-ге жуық. Ең терең жері 8412 м. Шұңғыма беткейлерінің орташа көлбеулігі 6 — 8°, кей жерлері едәуір тіктеу. Түбі тегіс, оны аккумуляттік шөгінділер жауып жатыр.
Санат:Тынық мұхит Санат:Жапония географиясы