Жабықбай Бұлғыншыұлы (1874–1958) — Қытайдағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан қоғам қайраткері.
Әкесі Қытайдағы қызай елінің биі болған.
1930 жылы Жабықбай Бұлғыншыұлы аймақта бірінші болып “Жырғалаң” мектеп интернатын ашып, бала оқыттырады. Жабықбай Бұлғыншыұлының елге жасаған игі істері жөнінде ақын Көдек Байшығанұлы мен Әсет Найманбайұлының өлеңдерінде дәріптеледі. Жабықбай Бұлғыншыұлы Үш аймақ көтерілісі нәтижесінде Шығыс Түркістан өкіметі құрылған 1944 — 50 жылдары үкімет мүшесі, “Одақ” саяси партиясы бақылау комитетінің бастығы, кейін Өлкелік үкімет кеңесшісі және ШҰАР саяси мәслихат кеңесінің тұрақты мүшесі болады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1874 жылы туғандар Санат:1958 жылы қайтыс болғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Қытай қоғам қайраткерлері Санат:Шығыс Түркістан үкіметі мүшелері