Ерназар — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Ерназар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Аса ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, баялыш, сұр жусан, көкпек басым өскен сұр қоңыр және шалғынды сұр топырақты шөлейтті жазық аңғарда орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен20001633 1563 95,7 813 810 99,6 820 753 91,8
Тарихы Іргесі 1954 жылы осы маңда ірі қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1954-97 жылдары “Қызыл Октябрь” қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ерназар атауы кісі есімінен шыққан.
Ауыл маңы табиғаты Бөгеткөл - ауылдың маңында қолдан жасалған көл. Ол қар, жаңбыр суларынан жиналып көктемде аумағы ұлғайса, жаз айларында тартылып, тереңдігі 2-3 м-ге дейін таязданып кетеді.
Айтақ каналы егістікті суландырады. (Канал қаздырған кісі аты).Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері