АХМЕТ ЖАФЕРОҒЛУ (1889, Әзірбайжан, Гянжә қаласының — 1975, Түркия) —түрік ғалымы. 1916 — 18 жылы Киев сауда институтынында, 1919 жылы Баку университетінде оқыған. Әзірбайжанда 1920 жылы кеңес өкіметінің орнауына байланысты Түркияға қоныс аударды. Стамбұл университетін бітірген (1924 жылы). Осы университетте доцент, профессор (1936), кафедра меңгерушісі (1946) болды. Бірнеше монографиялар жазған. Негізінен көне және орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілі, диалектология мәселелерін зерттеген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Шығармалары: Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак (Абу Хаян) — 1931; Алғашқы түркі тіл білімпазы Махмуд Қашқари, 1938; Анадолы диалектологиясы бойынша материалдар, І т., 1940, ІІ т., 1941; Түрік тілінің тарихы, І т., 1958, ІІ т., 1964.

Дереккөздер

Санат:1889 жылы туғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Түркітанушылар Санат:Түркия тұлғалары